Accessibility links

Қытайдың Орта Азиядағы ықпалы: Шыңжаңның суға деген сұранысы Қазақстанның су қорларына қауіп төндіруде


1950 жылы Шыңжаң-ұйғыр автономиясын Қытай өзіне қосып алғаннан бері Бежін қоршаған ортаның экологиясы турасында алаңдаушылық білдіретін саясаткерлердің бәріне де қысым көрсетіп келді. Орталық Азиямен шекараласатын бұл батыс аймақта Қытайдың ядролық полигон аймағы орналасқан. Оның қоршаған ортаға кері әсері ешқандай да шекаралық шектеулерге бағынбайтыны белгілі.

Бірақ бұл тұрғыдағы ең басты алаңдаушылық мәселесі деп суды айтуға болады. Қытайдың батысқа бет алған саясаты, демек солтүстік батысын неғұрлым кеңірек дамыту бағыты --барған сайын суға деген қажеттілікті арттыра түсетіні айқын. Міне енді әңгімеміздің бұл бөлігінде Қытаймен шекаралас өзендерді пайдалану тұрғысындағы ұзақ мерзімді келісімдердің Қазақстан үшін маңыздылығы деген мәселені жан-жақты сөз ететін боламыз. Шыңжаңдағы барған сайын өсіп бара жатқан су қажеттілігі мен тапшылығы Қазақстанға үлкен қауіп төндіруі мүмкін деген де қорқыныш ұялата бастағаны анық.

Қазақстандағы Табиғат деп аталатын үкіметтік емес қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрағасы Мэлс Елеусізов Қазақстанда Ертіс өзені мен İле өзені деген екі үлкен өзендерге байланысты бірқатар маселелер туындауы мүмкін, өйткені бұл аталған өзендер Қазақстанға дейін өзінің бастауын Қытайдың таулы аймағынан алады, сондықтан да ол өзендер Шыңжаң аймағының суға деген сұранысын өтеп отырған бірден бір табиғат көзі, бұл аймақтың халқы мен өндіріс орындарының су сұранысы ұлғайған сайын ,ол өзендердің сулары тартылып, азайып бара жатқанын аңғаруғы болады дегенді айтады.

İле өзені Шыңжаң арқылы ағып келіп, Қазақстанның оңтүстік-шығысын басып өтеді де, Балқаш көліне барып құяды. Ал Ертіс өзені болса, Қытайдың Алтай тауларынан бастау алады да, Қазақстанның солтүстік –шығысы арқылы Зайсан көліне барып құйылады да, одан әрі Ресейдің Омбы қаласы арқылы өтіп, Об өзеніне барып қосылады.

Австралияның Квинленд қаласындағы Гриффит университетінің ғалымы Энн МакМиллан Шыңжаң мен Орта Азияның бір-біріне тәуелділігі жағдайын зерттеген, сол себепті де ол бұл жөнінде былай деп атап көрсетеді:

-Қытайда үкімет тарапынан туындайтын алаңдаушылық мәселелері баршылық деп айтуға болады. Оларда әсіресе Шыңжаңның астанасы Үрімші қаласының маңайында жер асты сулары деңгейінің бірқатар төмендегені жайында хабарлар болған. Сондықтан да олар өздерінің басты мәселесін біледі. Жане олар кей жерлерде су қорларын да жасай бастады. Бірақ олар алға жылжып, дамуы үшін су қолданысы а өсе береді. Сондықтан да сіздің алдыңызда дилема жағдайы тұр деуге болады,-дейді Энн Макмиллан.

İле мен Ертіс өзендері Қазақстан тұрғындары үшін негізгі тұшы су қорлары болып табылады. Сондай-ақ олар Қазақстан экономикасының көп саласының атап айтқанда ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпті, балық аулау саласын сумен қамтитын негізгі қор көздері.

Мырзагелді Кемел, Қазақстан Парламенті мәжілісінің өткен шақырылымында депутат болған жане Қоршаған ортаны қорғау мен экология комитетінің мүшесі, ол İле өзені суының көп мөлшерде пайдаланылуынан туындайтын экологиялық зардаптар көп дегенді айтады.

1960 жылдарғы Совет Одағы кезеңіндегі мақта өсіру шаруашылығын жаппай қолға алған науқаннан бері Арал теңізінің суы тартылып, теңіз табаны қайранға айналып, қазір Аралдың бір кездегі су көлемінің үштен бірі ғана қалғаны белгілі. Арал теңізінің маселесі әлемдік деңгейдегі үлкен мәселеге айналып, күн тәртібіне шыққалы да аз уақыт болған жоқ.

Бұл ретте БҰҰ-ң Даму бағдарламасы Қазақстандағы ең үлкен көл- Балқаш көлінің де жағдайына алаңдаушылық танытып, Астана бұл тұрғыда су қолданысын жетілдіретін, яғни Қытайдың İле өзенінің суын шамадан тыс қолдануына тұсау салатындай бір шараларды қолға алмайтын болса, бұл көлдің де суалып тартылуы мүмкін деген ескерту жолдаған болатын.

Мәселен Қытайдың Ертіс өзенінің бағытын өзгерту жөніндегі ені 22 метр, ұзындығы 300 шақырым болатын канал құрылысы да алаңдаушылық туғызатын мәселелердің басытысы деуге болады.

Алматыдағы Геология және география институтының профессоры Абай Тұрсынов аталған каналдың экологиялық әсері өте күрделі болады дегенді айтады. Суэлектр станциялары мен түрлі завод фабрикалар Ертіс бойында орналасқан, бұған қоса Ертіс-Қарағанды каналы Орталық Қазақстандағы бүкіл ауылшаруашылық саласының күретамыры десе де болады. Сондай-ақ Қазақстанның астанасы мен басқа үш қала- Қарағанды мен Семей және Павлодар қалаларының тұрғындарын ауыз сумен қамтитын да Ертіс өзені екендігі белгілі.

Қытайдың билік орындары канал құрылысы жөнінде аздаған ғана мағлұмат деректер берді, алайда Қазақстандағы Қытай елшісі Джоу Шяоу Пей Азаттық радиосының қазақ редакциясына берген интервьюінде былай дейді:

Бізде қазір қорлар толық пайдаланылып отырған жоқ, Ертіс өзені суының біз 10-20 процентін ғана қолданамыз, Біз жаңа инфрақұрылым жасап жатырмыз, бірақ та біз барлық судың 40 процентін ғана пайдаланамыз.

2001 жылы Қазақстан мен Қытай шекаралас аймақтағы өзен суларын пайдалану мәселелерін жетілдіретін келісімдер жасап, Ертіс тұрғысындағы алаңдаушылық жағдайларын кеңесіп шешуге мақұлдасқан болатын. Алайда Алматыдағы Геология және география инстутының өкілі Жақыбай Достай аталған келісімдер әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ дегенді айтады.

Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан президенті Н.Назарбаев Шыңжаң аймағына арнайы сапармен барды. Бірақ бұл сапар кезінде Қазақстан мемлекеті басшысының Қытай билік басыларымен шекара асатын ортақ өзендердің суларын пайдалану жөніндегі мәселені алға тартқаны байқалған жоқ.
XS
SM
MD
LG