Accessibility links

2004 жылдың 10 айында қазақстандық журналистердің ақпарат ала алмауына байланысты 403 оқиға тіркелген


- Журналистердің ақпарат алу құқығы Қазақстан конституциясының 20 бабында және «БАҚ» туралы заңның 20 бабында бекітілген. Қоғамдық маңыздылығы бар ақпаратты бермеген шенеунікке айыппұл салумен қатар бірнеше жылға бас бостандығынан айыру мүмкіндігі қарастырылған, - дейді сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Қалеева.

Алайда, соған қарамастан биылғы жылы журналистердің ақпарат ала алмау оқиғасы артып отыр дейді осы ұйымның келесі бір қызметкері Ғалия Әженова:

- Биылғы жылдың 10 айында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының мониторингі бойынша 403 рет журналистердің ақпарат ала алмау оқиғасы тіркелген. Бұл - былтырғы жылмен салыстырғанда өсті деген тенденция.

Тамара Қалееваның айтуынша, көп жағдайда журналистердің өздері құқықтарын пайдаланбайды:

- Себебі, олар шенеуніктердің ақпараттан бас тартуыларына, қуып шығуларына, алдаулары мен қашып кетулеріне әбден үйреніп кеткен. Оларға қарсы тұрмайды.

Әйтпесе, заңдық тұрғыда журналистердің өз құқықтарын қорғауларына барлық нормалар бар дейді Ақпарат, мәдениет және спорт вице-министрі Ардақ Досжан:

- Мысалы, сіз өзіңіздің саулалыңызды жіберсеңіз, ол тіркеледі. Егер үш күнде жауап беремесе, онда сол органнан ғана емес басшылардан сұрау керек. Егер одан нәтиже болмаса, сотқа шағымдануға болады.

Ал журналистердің өздері бұл орайда не дейді? Мәселен, КТК телеарнасының редакторы Жазира Бердалы ақпарат бермейтін шенеуніктермен күресудің өзінше әдісін тауыпты:

- Мен қалалық әкімшіліктің тұрғын үй департаментіне хабарласып, өз сауалдарымды жібергенмін. Бірақ үш күннен кейін қаылдау бөлмесінен орынбасарына жіберді. Әжімұлы деген азамат «ешқандай жауап бере алмаймыз», - деді. Мен прокуратураға шағымданатынымды айттым. Бірақ ол сөзімнен нәтиже шықпады. Ал сотқа арыздануға көп уақыт кетеді. Сондықтан, мен реті келгенде қалалық жиындарда маған жауап бермеген адамнан сұқбат алуға тырысамын.

Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы Нұртай Ағубаев журналситердің ақпарат алу құқығының бұзылыуына екі жақта, яғни, шенеуніктер де, журналистер де тең дәрежеде кінәлі дейді:

- Журналистер кейде өз сауалдарын дәл құзырлы министрлікке емес, басқасына жібереді. Ал шенеуніктер оларды басқа органға жіберу қажеттігін айтудың орнына олардың сұрауын жауапсыз қалдырады.

Ал халықаралық сөз бостандығын қорғау қауымдастығының Орталық Азиядаға үйлестірушісі Каюке Салла:

- Бір қызығы мұнда олар бірін-бірі, яғни, журналистер шенеуніктерді, шенеуніктер журналистерді айыптаужды жақсы көреді. Ал оларға бұл мәселені өркениетті түрде талқылау үшін диалог керек. Жалпы Қазақстанда журналистердің ақпарат алу мүмкіндігне қатысты жағдай Қырғызстан, Тәжікстанмен салыстырғанда нашар, ал сөз бостандығы жайлы мүлдем сөз қозғау қиын Түркіменстан және Өзбекстанмен салыстырғанда ілгерілеу бар.
XS
SM
MD
LG