Accessibility links

Ұлттық комиссияның алғашқы мәжілісіне оппозициялық партиялар қатыспаймыз деп отыр


Желтоқсанның 6 сы күні Қазақстан президенті Н.Назарбаев парламенттегі «Отан» партиясының фракция мүшелерімен кездескен кезінде президент жанынан құрылған «Қоғамды демократияландыру және азаматтық қоғам құру» туралы ұлттық комиссия жұмысына Қазақстандағы саяси жүйені жаңартуға мүдделі барлық саяси партиялардың қатысулары керек екендігін айтқан болатын. Ұлттық комиссияға қатысуға шақырылған, шыныменде Қазақстанда реформаның жүрілуін қалайтын барлық саяси партиялар осы комисия жұмысына қатысқандары жөн, ал егерде кімде кім бұған қатысқылары келмесе ол өздерінің проблемалары деген президент Н.Назарбаев.

Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық партиясы желтоқсанның 8 і күні Астанада өтетін осы ұлттық комиссияның алғашқы мәжілісіне қатыспауға шешім қабылдапты. Бұл жөнінде радиомызға осы партияның саяси кеңесінің мүшесі Батырхан Дәрімбет хабарлады. Оның айтуынша жуырда Қазақстанда өткен парламент мәжілісі сайлауы заң бұзушылық жағдаында өтті. Бұны тек қана оппозициялық партиялар ғана айтып қойған жоқ, бұл туралы халықаралық ұйымдар мен сайлаудың қалай өткенін бақылаған бақылаушылар да өз мәлімдемелерін жасаған. Алайда бұған билік қыңқ дегенде жоқ. Ол олма бұрынғы парламент мәжілісінің спикері Жармақан Тұяқбай да сайлаудың заңсыз өткендігін айтып, мәлімдемесін жасады. Оны да керек қылған адам болмады. Сондықтан да ҚДТХПартиясы сарсембі күні өтетін осы ұлттық комиссия отырысына қатыспайды деді ол. «Ақ Жол» демократиялық партиясының тең төрағасы Алтынбек Сарсенбаев: Президент жанындағы ұлттық комиссияның ертеңгі алғашқы мәжілісіне қатыспаймыз деді. Қазақстан Коммунистік Париясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдиннің айтуынша билік әуелі оппозицияның қойып отырған екі түрлі шартын орындауы шарт. Ең бірінші парламент мәжілісі сайлауын заңсыз деп танып қайта сайлау өткізу және де саяси тұтқын Ғалымжан Жақияновқа бостандық беру болмақ. «Отан» партиясының саяси кеңесінің хатшысы Қалиасқар Дунаевтың айтуынша комиссия жұмысына оппозициялық партиялар қатыспаса ол өздерінің ісі, ең дұрысы олар қатысулары керек еді.
XS
SM
MD
LG