Accessibility links

Владимир Путин: АҚШ- біздің басты әріптесіміз


Ресей президенті Вл. Путин кеше жыл қорытындысына арналған баспасөз-мәслихатында Кремлдің Юкосқа қатысты көзқарасы мен Ирақ, Украина, Шешенстан және Батыспен қарым-қатынас мәселелерін сөз етті. Путин мемлекеттік Роснефть компаниясының Юкостың Юганскнефтегаз филиалын сатып алуы заңды тұрғыда жүзеге асқан шара деп қорғап сөйлеген. Сәрсенбі күні кешке қарай Роснефть Юганскнефтегазды аукционда сатып алған Байкалфинанс тобының 100 процент акциясына ие болғандарын жария еткен еді. Путин сондай-ақ Украинадағы дауға ұласқан президенттік сайлаудың екінші кезеңіндегі бұрмалаушылық жөніндегі Батыстың сынынын негізсіз дей келе, батыс екіжақты стандарт ұстанып отыр деген айып тақты. Путин Ирақта қақтығыстар жалғасып жатқан шақта алдағы айда онда еркін де әділ сайлаулар өтетіндігіне де күмән келтірді. Шешенстан тұрғысында да Батысқа айып таққан Ресей президенті АҚШ-ын басты әріптесіміз деп бағалады: -АҚШ біздің басты әріптестеріміздің бірі, біз көптеген өзекті маселелерді шешуде, маселен террормен күресте негізігі әріптестер, тіпті одақтастар болып табыламыз. Путин АҚШ президенті Дж. Бушпен өзінің қарым-қатынасы жақын күйінде қала береді деген.
XS
SM
MD
LG