Басы-аяғы 20 минутқа созылған отырыста екі жақтың өкілдеріне сөз берілді. «Сөз» басылымының адвокаты Сергей Уткин газеттің үстінен сотқа шағым беріп отырған тарап - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің адвокаты ретінде Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Анатолий Гинзбургтің бұл іспен айналысуға заңды өкілеттігі жоқ деп мәлімдеді.
- Себебі, оған [Гинзбургке - Азаттық.] берілген сенімхатта ҰҚК төрағасының міндетін атқарушысы Владимир Божконың қолы қойылған. Ал комитет төрағасының уақытша міндетін атқарушы ондай сенімхатқа қол қоя алмайды, - деді Сергей Уткин.
Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі адвокат Анатолий Гинзбург өз әріптесінің "бұл айтқаны сот процесін кейінге қалдыруға негіз емес" деген пікір білдірді.
- Бұл - уақыт оздырудың амалы. Біз мұнда белгілі істі қарастыруды көздеп отырмыз, ал олар болса басқа іспен айналысып жатыр, - деді Анатолий Гинзбург.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін бірнеше дайындық шаралары өткен бұл сот процесінде әлі күнге дейін керекті құжаттардың басы жиналмай жатыр.
- Біз бір ай болды осы істің мән-жайын қарастыруға тырысып келеміз. Қазір қарсы тарап сенімхаттың дұрыс еместігін айтып отыр, ертең енді соны жөндесек мүмкін жұмысымыз алға жылжыр.
Оппозициялық «Сөз» басылымы былтыр қыркүйектің 23-і күнгі шыққан санында, «Ақ жол» партиясының жетекшілерін Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері аңдып, бейнетаспаға түсірді деп хабарлаған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Сөз» газетіндегі бұл ақпаратты "еш шындыққа жатпайтын жалған" деп атап, газет редақциясынан өз қатесін түзетіп, кешірім сұрауын талап еткен болатын.
Басылымның қазақша нұсқасының редакторы Шәріп Құрақбаев әлгіндей ақпарат тек «Сөз» газетінде ғана емес, басқа да бірқатар басылымдарда жарияланғандығын алға тартып, өздеріне қарсы сот ісінің басталуында "саяси астар барын" айтып отыр. Сонымен қатар, газет редакторы мұндай істер шындықты айтып, биліктің ісін әшкерелейтін барлық басылымдарды күтіп тұрғанын ескертеді.
Ал ұлттық қауіпсіздік комитетінің адвокаты Анатолий Гинзбургтың сөзіне қарағанда, жоғарыдағыдай мазмұнда ақпарат таратқан «Навигатор» интернет-басылымы өзінің тексерілмеген ақпарат таратқандығын мойындап, кешірім сұраған екен.