Accessibility links

Бүгін Ющенко Мәскеуде Ресей елбасы Путинмен кездесетін болады


Сайлаулар барысында Ресей елбасы Путиннің Януковичті қолдағаны белгілі. Виктор Ющенко Украина елбасы тағына ресми түрде жайғасты. Екі айға созылған саяси теке-тірестен кейін, жексенбі күні осы салтанат болды. Тәуелсіздік алаңына жиналғандарға ол Украинаны сыбайласқан жемқорлық, тамыр-таныстықтан таза жолмен Еуропа одағына мүшелікке бастап апаруға уәде берді. Парламентте болған салтанатты үдеріс барысында Ющенко Ата заңның көшірмесі және İнжілдің ежелгі нұсқасына қолын қойып тұрып ант берді. Украинаға адал қызмет етуге, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, Украина халқының хұқықтары мен еркіндігін қорғауға бар күш-жігерін сарып ететіндігіне ант берді. Бұл салтанатқа көптеген шетелдік өкілдер қатысты.
XS
SM
MD
LG