Жаңадан шыққан оқу құралының саны шағын болғандықтан, биылғы оқу маусымы аяқталғанша, әзірге тек Шымкент, Алматы, Талдықорған қалаларының білім беру мекемелерінде бұл кітап сабақтан тыс оқытылады. Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның өзге аймақтарындағы қазақ мектептерінде бұл оқулық алдағы қыркүйек айынан бастап, қоғамтану, тарих сабақтарымен біріктіріліп оқытылуы да мүмкін. Әзірге Қазақстанның білім беру бағдарламасында жаңа пән қосу жоспарланып отырған жоқ.
Білім және ғылым министрлігінің оқу-ағарту ісін жетілдіру туралы 5 жылдық бағдарламасына сәйкес, ғылыми кеңестің сараптамасынан өткен оқулықтар қосымша оқу құралдары ретінде мектептерде пайдалануға рұқсат берілген.
Алматыдағы №7 қазақ орта мектебінің мұғалімі Света Ахметованың айтуынша, ақша табамын деп, оқулық жазатындар көбейіп барады. Оның сыртында оқу құралының ішкі мазмұны сын көтермейді. Қоғамтанудан дәріс беретін өзі, құқықтану пәніне арнап жазылған қазақ тіліндегі оқулықтарды іздеп табу қазір қиын дейді.
- Балаларды мазмұны ескірген оқулықтармен оқытуға болмайды. Қазіргі заманға бейімдеп жазылған кітаптар енді ғана шығып жатыр. Түрлі интерактивті ойындар жүргізіп, оқушылардың көңілін аулайтын тың әдіс-амалдар табу керек.
Мектептің бастауыш сыныптарынан бастап құқықтану дәрісі жүргенін іштей қалайтын Қазақстандағы адам құқын қорғаушы Болат Байқадамов қазақ тілінде кітап шығаруға кедергі жасайтын басты себеп қаржы тапшылығы дейді. Ал, ақша табылған жағдайда, оқулық жазуға бөгет болатын өзге де себептері жеткілікті деп санайды ол.
- Құқықтық қатынастардың ара-жігін ашып беретін, оны қазақ тіліне аударатын жас мамандар бірді-екілі, - дейді омбудсмен Болат Байқадамов.
Қазақ мектебінің оқушылары үшін демократия негіздерін түсіндіруді мақсат тұтқан оқулық авторы Айжан Мұқтарованың айтуынша, қазақ тілінде басылған кітап саны әзірге шағын. Сондықтан, оқушылар тұрмақ, құқықтану мен қоғамтану пәнін жүргізетін ұстаздардың өздері толық бұл оқулықпен танысып шыға алмайды. Дегенмен, халықаралық ұйымдар әлі де көмек берсе, қазақ тілінде өзге де пәндердің оқулықтарын басып шығару мүмкіндігі туар еді дейді.
- Мектептің ересек оқушыларына арнап жазылған кітаптарды аударуға қаржымыз жоқ. Бастауыш сынып балаларының зеректігін оятатын небір дүниелер басылмай жатыр, - дейді автор.
Демократия сабағы тәжірибе ретінде өткізілген Шымкент, Талдықорған және Алматы қалалары мектептерінің ұстаздары оқушылардың құқықтық сауаты жетілгенін айтады. Алматыдағы қазақ мектебінің бірінде оқитын 11 сынып оқушысы Тоғжан Дәулетбаева құқықтану пәніне деген талаптың былтырдан бері күшейе түскенін қуаттап отыр.
- Мен оқитын мектептің құқық, қоғамтану пәндерін оқытатын ұстаздардың сабақ беру әдісі қызықсыз. Оқушылардың ықыласын үйіріп әкетуге тырыспайды. Содан барып ешкім ден қойып тыңдамайды. Ал, одан сабақ үлгерімі нашарлайды, - дейді шәкірт.
Ұстаздардың біліктілігін жетілдіретін республикалық институттың Алматыдағы өкілі Алтынай Жайтапованың айтуынша, мектеп бағдарламасына арналып жазылатын кітаптарды толық сараптамадан өткізу уақыт алатын іс. Небір пәндерге арналған оқулықтардың қазақ нұсқасы таяу арада басылып шығару мәселесі білім және ғылым министрлігінде пысықталып жатыр екен. Ал, жаңа оқулықтың оқушылар мен ұстаздарға қаншалықты ұнағанын биылғы оқу жылы аяқталғанда барып, айтуға болады дейді.