Жоғарғы сот бұл мәселе Қазақстанда жақында ғана қабылданып, күшіне енген «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның талабымен шешілуге тиіс екенін ескерткен. Қазақстанның Бас прокуратурасы террорлық құрылымдар ретінде Қазақстан аумағында тиым салуды сұрап отырған әлгі ұйымдар осыған дейін Ресейде, АҚШ-та,Түркияда, Өзбекстанда, Пәкістанда және басқа да бірқатар елдердің аумақтарында террорлық ұйымдар деп танылған болатын.
Жоғарғы сот Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның қабылдануына орай қолданыстағы заңдамалық актілерге де тиісті өзгертулер енгізілгендіктен террорлық ұйымдардың қызметіне тиым салу мәселесін жаңа заңның аясында шешу қажет деп санайды. Заңгер Ерғазы Қаженов болса, Қазақстанда әрекет етпеген террорлық, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың ара жігін ашып алуды ұсынады.
- Оппозициялық партиялар қолданысқа енгізілген «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның кейбір баптары тым қатал деп отыр. Қазір демократиялық ел саналатын Американың «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңы Қазақстан заңынан әлдеқайда қатал. Экстремистік ұйымдардың кісілері қасымызда жүр. Сондықтан заңды күшейте түсу керек, - дейді Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы, ал қазір Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы әрі заң университетінің ректоры боп жүрген Мақсұт Нәрікбаев.
Ал заңгер Ерғазы Қаженов: «Террористік әрекет туралы арнайы бап Қазақстанның Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Ал экстремизм мен сепаратизмге қатысты бап қаралмаған» десе, Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев «Қазіргі таңда қоғам қауіпсіздігін қорғап қалу үшін қазақстандықтар белгілі дәрежеде кейбір адамдардың құқығын шектеуге тура келетіндігімен келісуі тиіс» деп санайды.
Экономикалық құқықтанушы, Германияның Бремен университетінің профессоры Ральф Книппер әдетте экстремистік, сепаратистік пиғылдар тұрғындардың кейбір топтарының әлеуметтік жағдайының жайсыздығынан туындайтынын айтады.
- Азаматтық қоғамда мұндай құбылыстар болмауға тиіс, - дейді Бремен университетінің профессор Ральф Книппер.