Accessibility links

Қазақстан тау-кен кәсіпорындары жұмысшыларының кәсіподағы съезд өткізбек


Сәуірдің басында Қазақстан тау-кен металлургия кәсіпкерлерінің кәсіподағы республикалық съезін өткізбек. Онда шетел инвесторлары қарамағындағы комбинаттар бойынша келісім-шартты қайта қарау мәселесі күн тәртібіне қойылмақ. Бұл туралы наурыздың 21-і күні Азаттық радиосына Қазақстанның тау-кен металлургия кәсіпорындары жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Қайдауыл Шүменов мәлім етті.

Қазақстандағы тау-кен және металлургия кәсіпорындарындағы жағдай «Форбс» апталығы әлемдегі ең ауқатты адамдардың тізімін жариялағалы одан сайын ушығып кетті.

Қазақстанның тау-кен кәсіпорындары жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Қайдауыл Шүменовтың айтуынша бір жылда ғана «Миттал Стил Теміртау» акционерлік қоғамының иесі Лакшми Митталлдың бес миллиард доллардан астам пайда тауып тізімде 3-ші орынға шығуын теміртаулық өндірісшілер өздерін қанаудан болып отырған жаңдай деп қабылдауда. Соған байланысты наразылық акциялары күшейе түстіғ-дейді Қайдауыл Шүменов.

Парламент сенатының депутаты Зәуреш Батталова Теміртаудағы жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді, шетелдік инвесторлардың келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерін ешкім де бақылап отырған жоқ деген пікірде. Саясаткер Серікбай Әлібаев болса, шетелдік инвесторлар жұмысшылармен жасасқан келісім шарттарында барлық нәрсе ашық қамтылып ашық көрсетіліп отырған болса ешқандай қиындық тумаған болар еді дейді.

«Форбс» апталығы көрсеткен тізімде Лакшми Митталдың үшінші орынға табан тіреуін Парламент Сенатының депутаты Зәуреш Батталова Қазақстанның жер асты байлығы ғана емес, жұмысшылардың да еңбегін қанаудан табылған пайда деп есептейді.

Саясаткер Серікбай Әлібаев болса, Лакшми Миттал ғана емес әрқайсысының қорында миллиардтан астам долларлары бар Еуразия өнеркәсіп тобының жетекшілері Машкевич, Шодиев, Ибрагимовтердің де билікпен жасасқан келісім-шарттарын қайта қарау қажет деген ойды айтады. Қазақстанның тау-кен кәсіпорындары жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Қайдауыл Шүменов көкек айының басында өткізілгелі отырған съездерінде республика бойынша барлық тау-кен, металлургия кәсіпорындарына арнап Үндеу жариялағалы отырған көрінеді.

Теміртаудағы «МитталСтил Теміртау» акционерлік қоғамымен телефон арқылы хабарласудың сәті түспеді. Қайдауыл Шүменовтың айтуынша «Миттал Стил Теміртау» кәсіпорында жұмысшылардың айлық жалақысы 7 мың теңге көлемінде ғана болып отырған көрінеді.

Өткен жылы шахтада 33 өндірісші қазаға ұшыраған. Жаңа басшылықтың өндірісті дамытуынан күдер үзген жұмысшылар Ресейдің Анжеро-Судженск, Кемеров облыстарына топ-тобымен кете бастаған. Алды-алу шаралары үкміеттік тұрғыда жасалмаса оқу жылының аяқталуына орай бұндай уақиға одан да көбейе түседі дейді кәсіподақ жетекшісі.
XS
SM
MD
LG