Accessibility links

Қырғызстанның бірнеше қаласы ереуілшілер қолында


Қырғызстанда 27 ақпанда, ал екінші кезеңі 13 наурызда өткен парламент сайлауларында заң бұзушылықтар болды, көп нәтиже ресми биліктің пайдасына қолдан жасалды деген айыптаулармен наразылық шерулерін жалғастырушылар бірқатар қалаларды өз бақылауларында ұстап отыр, халықаралық қауымдастық болса көмек қолын соза бастады.

Азаттық тілшілерінің хабарлауынша Қырғызстандағы шерушілер Ош пен Жалалабад қаласындағы әкімшілік кеңселерін, сондай-ақ Талас, Кошкор, Қадамжай секілді шағын қалаларды да өз бақылауларына алған.

Қырғыз президнеті Асқар Ақаев сейсенбі күні парламент сайлау заңды деп танитындығын және шерушілердің өзін биліктен кетсін деген талабына мойынұсынбайтындығын айтып, елде төтенше жағдай жариялаймын деген болатын, сейсенбі күні жаңа парламенттің алғашқы сессиясын ашқанда сөйлеген сөзінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG