Қазақстан парламентінде қаралып жатқан бұл заң жобасында елде сайлау алдындағы үгіт жүргізу мерзімі аяқталған сәттен бастап, сайлау қортындысы ресми жарияланғанға дейінгі кезеңде жиын-митингтер, демонстрациялар және өзгедей көпшілік шараларды жүргізуге тиым салынатыны жазылған. Бұл талап кандидаттарға және сайлау тізіміне өз кандидаттарын ұсынып отырған партияларға қойылады.
Қазақстан үкіметі сайлау туралы конституциялық заңға осындай және басқа да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынып отыр. Қазақстан парламентінің сенаты мен мәжілісі наурыздың 28-і күні өткен бірлескен отырыста аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков "өткен жылы болған парламент мәжілісіне сайлау осы саладағы заңды одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осы мақсатта үкімет сайлау туралы заңға өзгерістер мен толықтыруларды дайындады" дейді. Министрдің айтуынша, өткен жылы сайлауды өткізу уақытында сайлау комиссиялары мүшелерін ауыстырудың тетігі болмауы 100 мың сайлау комиссиялары мүшесінің 2 мыңнан астамының жұмысқа қатыспауына әкеліп соққан.
Жобада сайлау комиссияларына қосымша талап қою көзделіпті. Яғни, соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайтыны қаралыпты.
Министр О.Жұмабеков жобада барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуіне тең мүмкіндік қаралған деп отыр.
- Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге тең мүмкіндікті белгілеуді және ол барлық кандидаттардың тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталатындығын белгілеуді ұсынып отырмыз, - дейді Оңалсын Жұмабеков.
Сондай-ақ, әділет министрі сайлау алдындағы үгітті жүргізу мерзімі аяқталған сәттен бастап, сайлау қортындысы ресми жарияланғанға дейінгі кезеңде митингтерді, демонстрацияларды және өзге де көпшілік шараларды жүргізуге тиым салу көзделгенін және оның кандидаттар мен сайлау тізіміне өз кандидаттарын ұсынып отырған партияларға байланысты екенін айтты.
Сенат депутаты Зәуреш Батталова митинг, шерулерге қатысты норма сайлау заңында көрсетудің қажеті бар деп санамайды. Ал, министр болса аталған норма заң жобасында орынды көрсетіліп отыр деп есептейді.
Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов сайлау туралы заңға ұсынылған өзгерістер аталған норманы енгізу үшін жасалып отыр деген пікірде. Алайда, әділет министрі Жұмабеков депутат Әбілқасымовтың ол пікірімен келіспейді. Министр заң азаматтардың жүріс-тұрысын, бәрін де реттеуі керек дейді.
Сөз болып отырған заң жобасында кандидаттардың сенім білдірген өкілдер санына шектеу қою көзделіпті. Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, өткен жылғы парламент мәжілісі сайлауында бір кандидаттың 15-26 мың сенім білдірген өкілді болған. Заң жобасы екінші оқылымда көкектің 8-інде қаралады.