Accessibility links

Еуропа одағы мен Ресей арасында ЕҚЫҰ-на қатысты дау-дамай


Еуропа одағының басшылары Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы тығырықты жағдайда тұр деп ескертеді. Себебі, Ресей ол ұйымның бұрынғы Совет өкіметі республикаларындағы қызметін барысынша шектеуге тырысып отыр.

Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы өзіне мүше елдердің өзара келісіміне сүйене отырып жұмыс жүргізеді. Оған 55-тей ел- мүше. Әсіресе Ресей елі ұйым қаржысына қомақты үлес қосып, жыл сайын 10 миллион доллар қаржы жұмасап келеді. Бұл екеуі арасында қазіргі кезде келіспестік пайда болған. Еуропа одағының Сыртқы істер бойынша өкілі Бенита Ферреро-Валднер ханым

- Шын мәнінде біз қазір біраз тығырыққа тіреліп отырмыз. Ол рас. Дей тұрғанмен, Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы, менің ойымша, қазіргі кезде өз тарихындағы ең маңызды және күрделі кезеңінде тұр. Не істей алатынымызды біз әлі байқауымыз керек, - деді Валднер ханым сыртқы істер министрлері кездесуінде сөйлеген сөзінде.

Еуропа одағы дипломаттарының бірінің Азаттық радиосына айтуынша, келер күндерде ұйымның cыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана мырза Ресей ел басы Путинге арнап ескерту хатын жолдамақшы. Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымын тығырыққа тірей отырып, ұйыммен арадағы өз қарым-қатынасын Ресейдің тосқауылға әкелетіндгін Солана Мырза Путинге ескертпекші.

Хабарларға қарағанда, Еуропа одағына мүше елдердің ешқайсысы да аталған хаттың жолдануына қарсылық білдірмеген. Әдетте, Ресеймен жақсы қарым-қатынаста деп есептелетін Франция мен Италия елдері де үнсіз қалғанды жөн көрсе керек. Ал, Германия елі болса, Оңтүстік Кавказадғы жағдайға байланысты Ресей ықпалына орай алаңдаушылық білдірген екен.

Ресми Мәскеу бұған дейін “Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы бұрынғы Совет одағы елдеріне айрықша назар аударып кетті” деп, бірнеше рет айтқан болатын. Еуропа одағы ресми өкілдерімен кездесулері барысында Ресей өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымының сайлауларды бақылаушылар тобын “ТМД елдерінде бей-берекеттіктердің орнауына түрткі болып жүр” деп айыптады.

Желтоқсан айында Ресей тарапы Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымының Грузия ішінде одан әрі кеңеюіне қарсы болған-ды. Сондай-ақ ресми Мәскеу аталған ұйым үшін қаржы төлеуден бас тартқан еді. Еуропа одағының қазіргі төрағалығында Сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Жан Асселборн мырза бұл тығырықты жағдайды шешу үшін Еуропа одағы мен Ресей арасында сөйлесулердің болғандығын айтты.

Ол сөйлесулер екі жақ арасындағы кең тұрғыдағы стратегиялық әріптестікке әзірліктің бір бөлігі ретінде жүргізілді. Ал, аталған әріптестікке Мәскеуде, өткен жылғы мамырдың 10-да қол қойылған келісім негіз болған-ды. Өткен аптада Құрама Штаттарымен арадағы сөйлесулерден кейін Ресей елі Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымына қаржы төлеуді уақытша түрде болса да қайта жаңғыртатындығын айтқан болатын.

Мәскеудің мұндай қадамына қол жеткізу үшін ресми Уашингтон болса Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы жұмысында белгілі бір реформалар жүргізуге уәде берген еді. Ол реформалар негізінен аталған ұйымның сайлауларды бақылау ісіне байланысты сауалдарға қатысты болмақшы.
XS
SM
MD
LG