Мәдениет саласын басқаруға жауапты құзырлы мекеме қызметкерлері берген ақпартқа сүйенсек, бұл дүние-жиһаздар Қазақстан мен әлемнің өзге елдерінің 100-ден астам мұражайына қойылған.
Ерболат қолы қалт еткен сәтте, Алматыдағы саябақтарды аралағанды қош көреді. Көбіне-көп хайуанаттар бағы мен шектесіп жатқан қаланың ең ірі саябағына барып, қыдырғанда ұнатамын дейді. Ал, өзі келіп-кететін жердің тарихи маңызы бар екенінен бейхабар болып шықты.
- Хайуанаттар бағына жиі барамын. Бірақ, ертеде ол жердің тарихи мәні болғанын білмеппін. Тарих сонысымен қызық қой.
Хайуанаттар бағы салынған жер қазақ байларының арасында дәулетімен атағы шыққан Сары үйсін - Қали Ордабаев деген кісінің мекен тұрағы болған. Балуан Шолақпен аталас болған Қали ақсақалдың түйелерін саудагерлер жалға алып, Бұқара, Ташкентпен сауда-саттық жасап тұрған екен. Солардың бірі – Ысқақбай Ғабдуалиев деген саудагер. Ол кісінің есімін сырттай танитындар саны қазір мүлдем азайып барады.
Алматы тұрғындары жақсы білетін мата, бұл сатылатын «Қызыл таң» дүкенін салған адам. Қазір бұл ғимаратта «Казкоммерцбанктің» бөлімшесі отыр. Бұл жәдігердің тарихынан жастардың қаншалықты хабардар екенін білгіміз келгенде, Азаттық радиосына жауап берген он адамның ішінен тек біреуі ғана естіп түйгенін былайша жеткізді:
- «Қызыл таң» дүкені ғасырлық тарихы бар нысан екенін білемін. Ол жерде ДІнмұхамет Қонаев атамыздың әкесі есепші болып қызмет істегенін, өзі жазған кітаптан оқығаным бар.
Қазақстанның археолог ғалымдарының кейбірі бағзы уақытта салынған құрылыс-сәулет нысандардың бүлінуіне экологияның нашарлауы тікелей әсер етіп отыр деген уәж айтса, этнограф ғалымдар ескерткіштерді қорғау ісіне жұмылдырылатын қызметкерлердің құзырын шектемей, олардың санын да (инспектор) көбейту керектігін сөз етеді.
Жастардың көпшілігі тарихи құрылыс-сәулет нысандарының ішіндегі мәшһүрі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дейді. Оның сыртында Қозы Көрпеш-Баян сұлу зиратынан да хабардар болып шықты. Ал, тарихи жәдігерлерді білмеу себебін, үкімет тарапынан үгіт-насихат ісінің әлі де дамымай отырғандығы себеп дейді. Бұл пікірге «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан шығып жүрген «Атажұрт» танымдық-этнографиялық бағдарламаның жүргізушісі Бақыт Беделханұлы қосылмайтындығын айтады:
- Тарихи құндылықтарды жаңғырту, ұлттық намыстың туын желбірету біздің мақсатымыз. Қазақстанға қатысы бар этно-географиялық деректерді елге жеткізу керек. Біз әзірлейтін бағдарлама көрермендердің үдесінен шығып жүр дегенге сенемін.
Тарихи жәдігерлердің тағы бір түрі – көне қолжазбалар мен сирек кітаптар. Ал, олардың бүгінгі ресми саны 66 миллион 840 мың данаға жетіп отыр. Алматыдағы мемлекеттік орталық мұражайдың деректану және қолжазба бөлімінің меңгерушісі Жасұлан Белтенов «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғалы бері, мұражайда біраз шаруалардың атқарылып жатқан шаруалар баршылық дейді:
- Мұражайда сегізге жуық жоба іске асып жатыр. Мәдени құндылықтарды, құжаттарды тегіс каталог күйінде шығарып жатырмыз.
Ғалымдар қазақ ұлтының рухани түлеуіне көмек берудің тағы бір амалы мұражай қызметкерлері мен жас ғалымдарға жағдай жасау дейді. Ал, ол үшін тарихи жәдігер қоры бай Алматыдағы мемлекеттік мұражайға «ұлттық» деген мәртебе беру ісін жеделтету керектігін сөз етеді.