Медиа форумның ашылуында бастан-аяқ қазақ тілінде сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның болашақ дамуын тек демократия мен ашық қоғам орнатумен байланыстыратындығын, осы орайда бұқаралық ақпарат құралдары - сөз бостандығы мен ашық қоғамның ажырамас бөлігі екендігін атады.
- Бүгінгі күні Қазақстанда 2 мыңнан астам ақпарат құралдары жұмыс істейді, ал олардың 80 процентейі тәуелсіз ақпарат құралдары, ал олардың саяси бағыт-бағдары да әртүрлі, ішінде радикалды оппозициялық бағыт ұстанатындары да бар, - деді президент Назарбаев өз сөзінде.
Сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мен қоғам алдындағы моральдық жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті таба білу бүгінгі форумның басты мәселелерінің бірі болуы керек деді Н.Назарбаев.
IV Еуразиялық медиа форумға қатысушыларға арнап Ресей президенті В.Путин, НАТО ұйымының бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер, БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан сынды мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері өз құттықтауларын жолдапты. Өз құттықтауында НАТО басшысы Яаап де Хооп Схеффер 4-ші Еуразиялық Медиа Форумды ұйымдастыру ісіне НАТО ұйымының да ат салысып, демеуші болып отырғандығын атай келе, Еуразия құрлығында тұрақтылық пен бейбітішіліктің болуына БАҚ-тың атқаратын рөлінің ерекше екендігін атаған.
Ал Ресей президенті В.Путин болса Еуразиялық медиа форумының өзекті де өткір проблемаларды талқылайтын мінберге айналғандығын, өркениетке қатер төндіріп отырған экстремизм мен терроризмге қарсы тұратын құрал ретінде БАҚ-тың рөлінің ерекшелігіне тоқталған.
Форумның алғашқы күні форумға қатысушылар «Азиядағы цунами трагедиясын» медиа қалай таратқандығы туралы, БАҚ туралы заңнамалар жайында, сондай-ақ «Журналистика және жарақат» тақырыптары бойынша пікірталастар өткізді.