Оппозициялық басылымдар Қазақстандағы демократияның ахуалы, азаматтардың ақпарат алу және тарату еркіндігі секілді “Әділетті Қазақстан” қозғалысы талқылауға ұсынған мәселелердің Еуразиялық медиа форумның бағдарламасына енгізілмегендігін хабарлапты.
“Қазақ әдебиеті”, “Жас қазақ” және “Айқын” басылымдары көкектің 21 күні Алматыда төртінші рет өткізіліп отырған Еуразиялық медиа форумды ашқан кезде мемлекет басшысының өз баяндамасын басынан аяғына дейін мемлекеттік тілде жасағандығына тоқталыпты. “Қазақ әдебиеті” басылымының хабарлауынша мемлекет басшысы өз баяндамасында әл-Фарабидың әйгілі трактатынан бастап, Абайдың қара сөзіне дейін түгел қамтыған.
“Айқын” газетінде жарық көрген Берік Бейсенұлының мақаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілде ғана сөйлегеніне қуанып жатқандардың аз болмағандығы айтылып, Мемлекет басшысы құттықтау сөзін аяқтаған кезде орысша аударамасы бар ма деп жүгірген журналистердің болғандығы баяндалыпты.
Осыған орай мақала авторы сол күні біраз бұқаралық ақпарат құралдарының президент аяғына дейін мемлекеттік тілде сөйледі деп жарыса айтып, жазып жатқандығына тоқталып, шын мәнісінде мемлекет басшысының қазақша сөйлегеніне таң қалудың қажеті жоқ екендігін, мұның қалыпты дүние ретінде көрінуі тиіс екендігін атап өтіпті.
Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Жас қазақ” басылымы Алматыда ІV Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастағанда, оның ашылу салтанатында мемлекеттік тілде жалғыз ғана баяндаманы – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасағанын хабарлапты. Сондай-ақ, автор өз мақаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз баяндамасында сөз бостандығы мәселесіне де тоқталып, оның тек табындыратын ғана емес, талқандайтын қуатты күшке айналып бара жатқандығына тоқталғандығынан да хабардар етіпті.
Мақала авторының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік кеңістікте, атап айтқанда Грузия мен Украинада, Қырғызстанда болған саяси дүмпулерге де өз бағасын беріпті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, олар кейбіреулер айтып жүргендей әлдеқандай сырт күштердің сұрқиялығынан емес, керісінше ішкі дамудың қиындықтарынан пайда болған себептер.
Ал, “Сөз” газетінің соңғы санында “Сөз” газеті редакциясы ұжымының ІV Еуразиялық медиа-форумның қатысушыларына арнаған үндеуі жарияланыпты. Үндеуді жазушылардың айтуынша, мемлекет басшысы өз жолдауларында сөз бостандығы мен ақпарат алу еркіндігін қамтасыз ету қажеттілігін айрықша атағанымен, өмірде мұның бәрі басқаша болып отыр.
“Сөз” газеті редакциясының ұжымы ІV Еуразиялық медиа-форумның қатысушыларына арнаған үндеуінде мемлекеттік ұйымдардың тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын жапқызу үшін оларға қарсы азаматтық және қылмыстың іс қозғайтындығын айта келіп, өз басылымдарының төңірегінде қалыптасқан ахуалды хабарлапты. Үндеуде келтірілген деректерге сүйенсек, сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің пайдасына шешім шығарып, “Сөз” басылымына бес миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Үндеуді жазушылар “Сөз” газетін жапқызудың артында саяси мақсат қана бар деп есептейді.
“Алма – Ата инфо” басылымында жарық көрген Владимир Воеводтың мақаласында Қазақстандағы демократияның ахуалы, азаматтардың ақпарат алу және тарату еркіндігі секілді “Әділетті Қазақстан” қозғалысы талқылауға ұсынған мәселелердің Еуразиялық медиа форумның бағдарламасына енгізілмегендігі хабарланыпты.
Владимир Воеводтың мақаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен “Әділетті Қазақстан” қозғалысы жасаған мәлімдемелердің бір-біріне қарама-қайшы келетіндігі аталып өтіліпті. Мақала авторы осыған орай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан мемлекетінің келешегінің тек демократия мен ашық қоғам орнатумен байланысты екендігін атап өткендігін, ал “Әділетті Қазақстан” қозғалысының мәлімдемесіндегі жыл сайын Қазақстанда адам құқығы мәселесінің қиындап бара жатқандығы, ресми биліктің президент сайлауының алдында оппозициялық партиялар мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасауды күшейтіп жатқаны туралы сөздері мысалға келтіріліпті.
“Республика” басылымында жарық көрген Әлім Бейбарсовтың мақаласында көкектің 21 күні Алматыда басталған ІV Еуразиялық медиа-форумның жұмысы сынға алыныпты. Автор өз мақаласында ІV Еуразиялық медиа-форумның жұмысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан пікірлеріне байланысты өз көзқарасын білдіріпті.
“Литер” және “Начнем с понедельника” басылымдары болса Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда басталған ІV Еуразиялық медиа-форумның жұмысында сөз сөйлеген кезінде Қазақстанда екі мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдарының бар екендігін және оның сексен процентінің мемлекеттік емес болып табылатындығын атап өткендігін хабарлапты.