“Экспресс К” басылымы Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысу үшін Ресейге барып қайтқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыс кезінде, қазақстандық 316 атқыштар дивизиясы қорғаған Волоколамскіге барып, тағзым еткендігін хабарлапты.
“Известия” газетінің “Қазақстан” қосымшасында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 35 майдангердің Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысқандығы, сондай-ақ, Астанада да сол күні әскери парадтың болып өткендігі баяндалыпты. Мақала авторының айтуынша, Астанада өткен әскери парадқа 32 әскери ұшақ пен 200 әскери техника қатысқан.
“Казахстанская правда” басылымы да бұл тақырыпқа айрықша тоқталып, Астанада өткен Жеңіс парадына қатысуға әр түрлі аймақтардан 340-тан астам майдангердің келгендігін атап өтіпті. “Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасында Астанада өткен Жеңіс парадына кейбір түркістандық майдангерлердің қатыса алмағандығы айтылыпты.
Газет тілшісінің хабарлауынша, Астанада өтетін Жеңіс парадына баратын түркістандық майдангерлер отырған автобус Шымкенттен 16 шақырым ұзаған кезде, жолаушылар автобусымен соқтығысып қалған. Осы жол апатының салдарынан 8 майдангер жарақат алған.
Ал, “Азат” газетінде жарық көрген соғыс ардагері Зекен Темірғалиұлының мақаласында неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыста қазақтардың ең көп қырылғандығы баяндалып, оның себеп-салдары тілге тиек етіліпті. Мақала авторының айтуынша, соғыс басталған кезде қазақтардың еш дайындықсыз соғыс майданына аттандырылуы олардың ең көп қырылуына әкеліп соқтырған.
Сондай-ақ, сәрсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдардың бетінде оппозиция тақырыбы да кеңінен сөз болыпты. “Литер” басылымына берген сұхбатында Ресей саясаттанушысы Виталий Третьяков Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішіндегі мемлекеттердің қай-қайсысында да революциялық төңкерістің болуы ықтимал екендігі туралы ойын білдіріпті.
Виталий Третьяков Қазақстанда ешқандай төңкерістің болмағандығын қалайды екен. “Аргументы и факты” газетінің “Қазақстан” қосымшасында жарық көрген мақалада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстандағы орын алған оқиғаны, сол елдегі жаппай кедейшіліктің белең алуымен байланыстырған пікірі мысалға келтіріліпті.
“Айқын” газетінде жарық көрген Сейсен Әмірұлының мақаласында Қазақстандағы оппозицияның кейбір іс-әректтері сынға алыныпты. Мақала авторының сараптамасына сүйенсек, қазақстандық оппозиция халық алдына шығудан гөрі, халықаралық қауымдастықтың алдына шыққанды тәуір көреді.
Сондай-ақ, Сейсен Әмірұлы өз мақаласында көп жағдайда оппозиция өкілдерінің көмекті сырттан іздеп, әлсін-әлсін Еуропа елдеріне, Америка Құрама Штаттарына барып қайтатындығына да тоқталыпты. Мақалада мысалға келтірілген саясаттанушы Әзімбай Ғалидың пікірінше, Қазақстан оппозициясы қаржыға бай, шет елдерден қаржы ала алады, ұйымдастыру механизмдері де жақсы қалыптасқан. Саясаттанушы Әзімбай Ғали оппозицияның ең үлкен кемшілігі ретінде, олардың басшыларының билікте өздері пайдаланған бюрократиялық технологияларды оппозицияға апарып жатқандығын атап өтіпті.
“Азат” газетінде “Алға ҚДТ” партиясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек Қожахметовпен жүргізілген сұхбат жарияланыпты. Газет тілшісіне берген сұхбатында Асылбек Қожахметов “Қазақгейт” мәселесіне байланысты өз ойын білдіріпті. Оның айтуынша “Қазақгейт” тек бір-екі адамның ғана емес, бүкіл Қазақстанның мойнына түсіп, қылқындырып бара жатқан тұзақ.
Қожахметовтың пікірінше, Америка “Қазақгейт” сотын әдейі созып, президент арқылы Қазақстанға айтқандарын істетуде. Сондай-ақ, А.Қожахметов егер Назарбаев президент бола беретін болса, Америка “Қазақгейт” сотын жылдарға созып, президент арқылы Қазақстанға билігін бұрынғыша жүргізе береді деп есептейді екен.