Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігі "халықтан ұрланды" деген күдікпен Швейцарияда бұғатталып, кейін Қазақстанға қайтарылған ақшаның жартысы – 21,76 миллион доллардың қалай жұмсалып жатқаны туралы Азаттыққа жауап берді.
Батыс баспасөзі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары жайлы жазғанда Орталық Азиядағы бұл елді "клептократия" деп атаған, бірақ Вашингтон үшін Астананың стратегиялық маңызы барын да көрсеткен. Назарбаевты "байсалды" және "кемеңгер" лидер деп сипаттаған.
Батыс баспасөзі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарының Еуропа одағы мен Қазақстандағы адам құқығы ахуалы үшін маңызы туралы жазып жатыр.
Азаттық радиосының тілшісіне сұқбат берген Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі өз елінде араб толқуы сияқты оқиғаның болуы мүмкін емес деп есептейді.
АҚШ бизнесмені Джеймс Гиффен Қазақстан басшыларына ондаған миллион доллар пара беріпті деген шатаққа қалғалы алты жыл болды. "Қазақгейт" шатағы сотта ұзақ қаралып жатқан тұста АҚШ ресми орындары Қазақстанда бизнес жасайтын тағы бір америкалық мұнай компаниясына қарсы тергеу ашты. Ол – бас пәтері Хьюстонда орналасқан "Бейкер Хьюджес" компаниясы.
Сәрсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдарда Жеңіс мерекесінің қалай аталып өткендігі баяндалыпты. Кейбір басылымдарда оппозицияны сынға алған мақалалар жарық көрсе, оппозициялық бағытты ұстанатын басылымдар “Қазақгейт” мәселесіне айрықша назар аударыпты.
Бейсенбілік газеттерде Доу-Джонс ақпарат агенттігі журналистерінің тәжірибелі заңгерлерге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа пара берген деген күдікке байланысты Джеймс Гиффеннің жаңа адвокатының стратегиясының қаншалықты пәрменді болатындығын анықтап беру үшін сұрау салғандығы айтылыпты. Қазақстандық-британдық “Эйр Астана” әуе компаниясы төңірегінде қалыптасқан ахуал да бүгінгі басылымдарда сөз болған.
Апта соңында жарық көрген тәуелсіз басылымдарда “Қазақгейт” ісіне байланысты мақалалар жарық көріпті. Канадалық “Петро Қазақстан” компаниясы да апта соңында жарық көрген кейбір басылымдардың сынына ұшырапты. Қырғызстандағы төңкеріске баға беру де сенбі күні жарық көрген басылымдардың үлкен назар аударған басты тақырыптарының біріне айналыпты.
Бейсенбі күні жарық көрген оппозициялық басылымдарда “Қазақгейтке” байланысты Нью-Йорктағы оңтүстік федералдық аймақ сотының кезекті отырысының 2006 жылдың қаңтарына қалдырылғандығы хабарлапты, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі жолдауы да басылымдар тақырыптарының біріне айналыпты.
Апта соңында жарық көрген басылымдарда Қазақстан президентінің кеңесшісі болған америкалық азамат Джеймс Гиффеннің Нұрсұлтан Назарбаевтың есеп-шотына 78 миллион доллар аударғандығы, сол сияқты “Ақ жол” партиясының төңірегінде туындап жатқан дау-дамай туралы айтылыпты.
Бейсенбі күні шыққан оппозициялық басылымдарда Нью-Йорктың оңтүстік федералдық сотындағы “Қазақгейт” сот ісі туралы, сондай-ақ Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдин жайлы мақалалар жарияланған.
Оппозициялық басылымдарда “Қазақгейтке” қатысты сот процесінде жаңа деректердің табылғандығын және бұл істі тексерумен бүгінгі уақытта АҚШ-тың ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің айналысып жатқандығы хабарланыпты.
Тағы