Accessibility links

Бүгін Голландияда Еуропалық Одақтың жаңа Конституциясы бойынша референдум өтуде


ГААГА. Премьер-министр Ян Питер Балкененде сайлаушыларды Конституцияны қолдап дауыс беруге үндеді.

- “Иә” деп дауыс беруге жақсы дәйектер бар. Егер Европаның алға жылжуын қаласаңыз, онда “иә” деп дауыс беріңіздер, - деді Балкененде мырза.

Ал жүргізілген сауалнамаға сәйкес, Голландия халқының басым көпшілігі жаңа Ата заңға қарсы дауыс беруі мүмкін. Жаңа Конституция күшіне енуі үшін оны Еуроодақтың барлық 25 мүшесі мақұлдауы тиіс. Әзірше оны 9 ел мақұлдап бекітті, ал Франция оны қабылдаған жоқ.
XS
SM
MD
LG