ВЕНА. Британия сыртқы істер министрі Джэк Строу Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі тығырыққа тіреліп, қиын жағдай туғызып отыр деп мәлімдеді. “Біз қазір өте күрделі сәтке жеттік. Атом энергиясы бойынша МАГАТЭ агенттігі бұл мәселені шешеді деп үміттенемін, бірақ олай болмауы да ықтимал,” деді Джэк Строу. Сонымен қатар, атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіндегі АҚШ елшісі Грегори Шульте Иранның ядролық мәселесі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына әлдеқашан берілуі тиіс еді деді. Оның айтуынша, Теһранның Ядролық Қаруды таратпау келісім шарттарын орындамауына байланысты МАГАТЭ Иран мәселесін Қауіпсіздік Кеңесіне беруге тиіс. Вашингтон Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп айыптауда, бірақ Иран өзінің ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытатынын айтқан. МАГАТЭ басшысы Мохамед Эл-Барадей барлық жақты келіссөзге оралуға шақырды.
Иранның ядролық мәселесіне байланысты МАГАТЭ басшысы барлық жақты келіссөзге оралуға шақырды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?