Accessibility links

Қабардын-Балқарда бүгін аза тұтылады


Қабардын-Балқар республикасында террорлық шабуылдардың құрбандарына арналып бүгін аза тұтылады. Шабуылдардан кемінде 108 азамат қаза тапты. Нальчик қаласында бейсенбі күні полиция және қауіпсіздік мекемелеріне шабуыл жасалды, жергілікті соғысушылар көршілес Чешенстанға тәуелсіздік берілсін деп талап қойды. Қабардын-Балқар үкіметінің төрағасы Геннадий Губин барлық шабуылдардың беті қайтарылды, кепілдікке түскен барлық азаматтар босатылды деп мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин Ресей мемлекетінің тұтастығына қол сұққан, Ресей азаматтарының өмірлеріне қауіп төндірген барлық шабуылшыларға болашақта осындай үйлесімді тойтарыс беріледі деді.
XS
SM
MD
LG