Accessibility links

Ливанның бұрынғы премьерінің өліміне қатысы бар деген күдікпен Сириямен байланысы болған бір адам тұтқындалды


БЕЙРУТ. Би-Би-Си мен Ливанның ресми өкілдерінің хабарлауынша, кеше Ливанда Сириямен байланысы болған исламшыл топтың мүшесі Махмұд Әбдел-әл қамауға алынған. БҰҰ-ның жариялаған баяндамасына сәйкес, Әбдел-Әл Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Харириге жасалған қастандықтың алдында ғана Сирияны қолдайтын Ливан президенті Эмиль Лахудқа телефон шалған. Рафиқ Харири мен тағы да 20 адам биылғы ақпан айында Бейрутта бомба шабуылында қаза тапқан болатын. Халықаралық комиссияның есебінде бұл қастандыққа Сирияның да, Ливанның да қатысы бар деп мәлімделген.
XS
SM
MD
LG