Accessibility links

Марокко мен Индонезия және Мысыр елдерінде жүргізілген сауалнамаға қатысқан адамдардың пікірлеріне қарағанда, АҚШ-тың мұсылман елдеріндегі төмендеп қалған бет-бейнесін ептеп түзету мүмкіндіктері байқалғандай


Зерттеуде мұсылмандар АҚШ-тың сыртқы саясатының кейбір аспектілеріне байланысты ашулы болғанымен, қарым-қатынастағы бірқатар дұрыс талпыныстар байланыстарды жақсарта түседі деп атап көрсетілген. Сөйтіп хабарламада саясаттың даулы, талас тартысты деген тұстарындағы келісе алмаушылықтар барысында екінші жақты көбірек тыңдап, қарапайымдау бағыт ұстану, екіжақты көмек және әріптестік жолдарына көбірек назар аудару ұсынылған. Сарапшылар тобы өткен аптада Нью-Йорк университетінде жиналып, АҚШ пен мұсылман елдері арасындағы екіжақты диалогты қайта жаңғыртудың мүмкін жолдарын жан-жақты талқылаған болатын.

Алдымен айтып өтуіміз керек, Крэг Чарней - Мұсылман әлемімен жемістірек диалог жүргізудің стратегиялары деген хабарламаны жариялаған Чарней зерттеу орталығының президенті. 2004 жылдың аяғы мен 2005 жылдың бас кезінде жүргізілген сауалнамаға негізделген хабарлама мамыр айында Нью-Йорктегі саясат институтында құрылған Сыртқы қатынастар кеңесіне берілген болатын.

Каирда зерттеу жүргізу барысында Чарней кофеханада шайды сораптап, қалампырдың тамырын тартып отырған 10-шақты ер адамның Американы өзара қалай қызу талқылап отырғанының куәсі болғанын айтады:

- Кенеттен олардың арасындағы шылым шегіп отырған ересек адам: "Мен әдетте Американы жақсы көрген едім, егер ол бұрынғы қалпына қайта оралмайтын болса, өкінішті" деді. Бұл мен үшін осы ғылыми-зерттеу жұмысындағы ең бір маңызды сәт болды. Өйткені, біздің қарастыратынымыз - АҚШ-ты құртқысы келетін немесе жабайы жеккөрушілік емес, керісінше мұсылман әлемінде көп адамдардың АҚШ-пен қарым-қатынастың нашарлап кеткен жағдайына өкінетіндігін және олардың Америкамен жағдайдың жақсаруын қалайтындығы еді.

Чарнейдің айтуынша, АҚШ саясатын жасаушылардың өркөкіректігі, олардың өз көзқарастарын басқа елдерге зорлықпен таңуы, сөйтіп олардың діни және мәдени ерекшеліктеріне мән бермеуі көптеген мұсылман елдерінің Америкаға деген жеккөрушілігін туғызады. Дегенмен де ол тоннель түбінде ептеген жарық сәуле көрінеді дейді.

- Біздің бір ашқанымыз, АҚШ-тың мұсылман елдері алдындағы жоғалтқан бедел-бейнесін не нәрсе жақсартауы мүмкін дегенді тапқандаймыз Бұл жерде мұның үш бірдей кілті бар: қарапайым болу, демократия мен экономикалық реформалар тұрғысындағы бастамалармен бірге әріптестікке құрмет көрсету, қауіпсздік жағдайындағы саясат немесе АҚШ-тың Ирақ, Палестина және басқа да елдердегі саясатына байланысты келісу немесе келіспеуге әзір болу, - деп атап көрсетеді Чарней.

Нью-Йорк университетіндегі Таяу шығыс саясаты профессоры Фархад Каземи, сондай-ақ АҚШ-тың Араб және Мұсылман елдеріндегі дипломатиясы бойынша Кеңестік тобының мүшесі болып табылады.

Каземи АҚШ-тың өзін әлемдегі ең жоғары тұрған қуатты держава бағытында ұстауы Мұсылман елдерінде оған деген ең үлкен кері ниетті, көлеңкелі көзқарасты туғызады дейді. Сондай-ақ, АҚШ өзінің қуатты экономикасымен қорғаған ғаламдастыру күші өзінің кей мағынасында әлемнің үштен бірін жоғалтуға әкеліп соқты дейді ол:

- Мұнда мәдениетке деген терең араласушылық бар, онда олардың дін мен өздерінің діни құндылықтарына қайрылудан басқа қаруы жоқ. Бұған тағы да АҚШ мұсылман әлемін әлсіреткісі келеді деген сенім де қосылған. Дұрыс па, бұрыс па бұл шекараның аржағындағы көптеген адамдарға тән жағдай. Мұсылман елдеріндегі жастардың көбінің жұмыссыздығы экономикалық қиыншылықтар көптеген жастарды терроршылардың, не оларға ұқсағандардың өз жақтарына тартып алып кетуіне мүмкіндік туғызады.

АҚШ саясатының мұсылман әлеміндегі басқа бір проблемасы - оның бір жақтылығы және басымдылық бағытында, мәселен, дейді ол, АҚШ демократияны дамыта отырып, Таяу шығыстағы диктаторлық режимге де қолдау көрсетеді дейді. Принстон университетінің зерттеу бөліміндегі Андрас Сзанто 2004 жылға дейін Ұлттық журналистика бағдарламасының директоры болған, ол "Американың Таяу шығыстағы дипломатиясындағы маңызды нәрсе - оның мәдени дипломатия болуында" деп атап көрсетеді.

Енді Буш әкімшілігі АҚШ-тың мұсылман әлеміндегі бет-бейнесін жақсартуды басты назарға алу бағытын ұстанды десе болады.
XS
SM
MD
LG