Accessibility links

АҚШ вице-президенті Дик Чейнидің көмекшісіне айып тағылды


АҚШ президенті Джордж Буш Ақ үйдің жоғары өкіліне айып тағылғанын үлкен мәселе деп сипаттады. Жұма күні АҚШ вице-президенті Дик Чейнидің көмекшісі Льюис Леви мемлекеттік құпия ашты, тергеу орындарына жалған мәлімет берді деп айыпталды. Льюис Леви қолма-қол қызметінен кетті. АҚШ Федералды Үлкен жюри мекемесі Льюис Леви Орталық барлау агенттігінің тыңшысы Валери Плеймнің есімін журналистерге ашты, осыған байланысты екі жыл жүргізілген тергеуге жалған мәлімет берді деген айып тақты. Есімі ашылып қалған барлаушы Валери Плеймнің күйеуі Джозеф Уилсон кезінде Ирақ соғысын сынаған, соғысқа сылтау болған барлау мәліметтері бұрмаланған деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG