Қазақстанның Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуына қарағанда өткен жылы 14 миллиард теңге игерілмей қалған. Кәсіпкер Еркебұлан Еңсеповтың айтуынша, бұған министрлердің өзі кінәлі:
- Министрлердің орнын ауыстырды. Қазақтың мақалы барғой қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді, сол сияқты бізде көп нәрсе айтылады, бірақ, ол бәрібір істелмейді.
Кәсіпкер Төретай Аманбаевтың айтуынша, қаржының игерілмеуіне жобаларды қаржыландыратын адамдар айыпты:
- Қаржы бөлінген саланың қызметкерлері администраторлары мынаны жұмсап ертең бәлеге қаламын деуі мүмкін. Екінші жағынан, техникалық себептер болуы мүмкін. Менің ойымша, басшылар ондай ақшаны жұмсауға қорқады, аудан әкімдеріндегі батылдық жоқтығынан.
Мемлекеттік сатып алу шараларына бөлінген қаржыны үнемдеу кесіріненде едәуір қаржы игерілмеген. Айта кететін жайт, президент Назарбаев осы салада тендерлердің өткізу барысында жемқорлық фактілерін тексеруді жүктеген болатын. Ал, қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша пара беретіндер тыйылмайынша алатындар азаймайды.
Сондай-ақ, кейбір жағдайларда құрылыс нысандарын салатын мердігерлердің өндірістік қуаты төмен болғандығы анықталған. Сондықтан жобаларға бөлінген ақша бұл жолыда игерілмеген. Бірақ, министрдің айтуынша егерде қаржыны дер кезінде игеру керек деген талап қойылса, онда мердігерлер асығып жұмыстың сапасы болмайды. Сондықтан Министр игерлмеген қаржыны министрлікке қайтаруды сұрады. Қаржы министрі жекешелендіру саласындада көп тексеріс жүргізілетіндігін хабарлады. Наталья Коржованың пікірінше, кәсіпкерлер өздеріне қажет бөлмелерді жалдай алмайды, өйткені, Ұлттық компаниялар мен министрліктер құрамындағы көптеген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тек өздеріне тиімді саясатты жүргізеді, нақтырақ айтқанда салалық емес актифтерін еркін бәсекеге кәсіпкерлерге бергісі келмейді, деді ол. Наталья Коржованың мәліметіне қарағанда жалпы ауданы 280 мың шаршы метрден асатын кәсіпкерлікке қажет аудандардың жартысына жуыға Қазақстанның Оңтүстігімен Солтүстігіндегі астаналарда шоғырланған.
Министрдің айтуынша бюджетен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар дайындалғанша бір жыл өтіп кетеді, соның кесірінен бюджетке қаржы енгізу жұмыстары бір жылға кешіктіріліп қалуы мүмкін. Сондықтан осы жұмыстардағы қалаймақанды азайтып, жұмысты тездету жоспарланған. Ал, жалпы инвестициялық жобалар жаңа жылда көп болмақ. Тек көлік министрлігінің өзіне бірнеше жылға ескерілген жобаға 215 миллиард теңге бөлініп отыр. Осылайша, бір миллиард 600 миллон доллар көлеміндегі қаржыға автожолдар, теміржолдар, әуежолдары және су жолдарын дамыту көзделіп отыр. Оның сыртында, инновациялық 90 жобаға 2 миллиард 200 миллион доллар бөлінді. Бірақ, бұл тек жоспарғана, ал, өткен жыл қорытындысы көңіл көншітерлік емес, деді премьер. 2005 жылы өндіріс дамуы 4,6 пайыздан аспаған.
Кәсіпкер Еркебұлан Еңсеповтың айтуынша, қазіргі үкімет шынындада көп жоспарлайды, бірақ, оның орындалуы ақсап тұр дейді ол:
- Біздің үкімет көп жағдайда жақсы жоспарлар құрады. Бірақ, көбінесе тым алға секіріп кетеді. Өйткені кәсіби емес үкіметтің кемшілігі-популизмге құмар. Дамыған 50 елге қосылу үшін дамымай қалған салаларды дамытудан бастау керекқой.
Үкімет басшысының айтуынша, ішкі жалпы өнім құрамындағы бизнес үлесіде 17 пайыздан аспайды. Салыстыратын болсақ, дамып келе жатқан мемлекеттерде бұл көрсеткіш 60 пайыздан асады. Әлбетте, мұнайдан түскен табысты есептегенде Қазақстан экономикасының даму көрсеткіші 12 пайыздан асатын еді. Бірақ, бұл шикізат саласы, деді премьер. Ал, 8 миллиард долларға жеткен ұлттық қордағы қаржының едәуір бөлігі мұнай-газдан түскен қаржыдан құралады. Бірақ, президент Назарбаев тапсырғандай бұдан былай осы табыс үкіметтің жобаларын қаржыландыруға берілмейді. Кәсіпкер Төретай Аманбаевтың айтуынша, үкімет мұнайдан түсетін ақшаға әбден сеніп алған, ал жұмыс орындары ашылмайды:
- Мұнайдан түскен ақшаны үкімет жұмсамайды деп шынындада айтты президент. Бірақ, салықтан түскен ақша мардымсыз деп ойлаймын. Сондықтан үкімет былай тартсада былай тартсада жетпейді. Екі ортада дабырап тұрған жағдайы бар. Егерде жаңа жұмыс орындарын, бизнес орталықтарын, өңдейтін зауыттарды салса, салық түсітен саланы кеңейтсеғана алға қадымдап жұмыс істейді деген ойым бар.
Әзірге экспорт көрсеткіштеріде көңіл көншітпейді, деді премьер. Қазір экспорттық тауарлардың 76 пайызын баяғы сол мұнай құрап отыр, деді ол. Ал, шикізаттан тыс салалар жоқтың қасы. Оның үстіне жұмыс орындары тек ірі қалаларда ашылады, деді үкімет басшысы Даниял Ахметов.