Ядаваран мұнай кенішінде шамамен 3 миллиард барельдей мұнай бар көрінеді. Бұл мәлімет Қытай үшін маңызды көрсеткіш болап отыр. Себебі, Қытай экономикасының биылғы жылғы мұнайға зәрулігі қосымша тағы 9 пайызға өсе түскен. Сонымен Қытай мұнай құбырына, Ядаваран жобасы бойынша, күніне қосымша 300 мың барель мұнай тағы құйылып тұратын болды. Қытайдың мемлекеттік Синопек атты Шетелдік жобалармен жұмыс департаментінің басшысы Ли мырза Азаттық радиосына берген сұхбатында:
«Энергия саласында Иран өзінің мұнайымен, әрине, Қытай экономикасы және Синопек үшін маңызды. Мен бұған сенімдімін», - деді.
Кейбір талдаушылардың пікірінше, Қытай елі мұнайға қол жеткізу үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан Иранға қандай тиым салынса да, оны бұзып өтуден тайынбайды. Осы орайда Лондонда орналасқан Әлемдік энергия көздерін зерттеу орталығының сарапшысы Манучер Такин мынандай жайды еске салып отыр. Халықаралық Атом энергиялық агенттігі кеңесінің отырысы Иранның ядролық бағдарламасына байланысты мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына беру жөнінде ұсыныс көтерген болатын. Геосаяси жағдайда, Техранды таң қалдырып, осы айдағы Халықаралық Атом энергиялық агенттігінің әлгі отырысында Қытай елі Ресейге ұқсап, Құрама Штаттар мен Еуропа елдерінің жағына шығып кеткен еді. Ал, Қауіпсіздік кеңесінің ұсынылған мәселеге байланысты Иранға қарсы экономикалық тиым салуы кәдік.
Демек, Иранға қарсы тиымдар салынбас бұрын, бұған дейін бірнеше жылдар бойы кері шегеріліп келген, Ядаваран мұнай кенішіне қатысты келісімшартқа ресми Техран мен Бежіннің қол қоюға неліктен сонша асығулы екендігін енді түсінуге болар. Қытайдың Синопек компаниясы бұл жоба бойынша 51 пайыз бөлікке иелік жасамақшы. Ал, Иран Ұлттық мұнай компаниясы болса 20 пайызға бақылау жасайтын болады. Үндістанның мұнай және табиғи газ корпорациясы мен Англо-даниялық компания да үлкен қызығушылық байқатып отыр. Жаңа мұнай көзін бағалауда өткен жылы Англо-даниялық компания Синопекке қолдау көрсеткен болатын. Кейінірек бұл бағаларды Синопек Иранның Ұлттық мұнай компаниясына табыс еткен еді.
Сарапшы Такин ірі мұнай компанияларының жұмыс жүргізу әдісі жөнінде мына мәселені баса айтуда.
“Ол мұнай компаниялары, 100 жылдан бергі тарих барысында, әлемнің түрлі аймақтарындағы жергілікті соғыстардың алдындағы және кейінгі кезеңдеріндегі саяси толқулар тұсында небір тәуекелдерге барып, мұнай өндіру шараларына қатысып келеді. Олар қаржыларын осылай жасап келеді. Демек олар Ираннан тез арада шыға қоймайды”, - дейді сарапшы Такин.
Иранға байланысты мәселені Қауіпсіздік кеңесіне тапсыру ұсынысын біразға дейін Қытай қолдамаған еді. Тиым салу шаралары сол елдің тәуелсіздігіне қол сұғу, деп бағалап келген болатын Бежін тарапы. Қытай Сыртқы істер министрлігі Иранның ядролық бағдарламасына байланысты даулы мәселені дипломатиялық жолмен шешу ұсынысын сейсенбі күні тағы да қайталады.