Accessibility links

Ирақ парламентінің алғашқы отырысы жексенбіде өтеді


Бағдад. Бүгін Ирақ президенті Жалал Талабани елдің жаңа парламентінің алғашқы отырысы 12-ші наурызда болатынын мәлімдеді. Жаңа парламент депутаттары үш ай бұрын сайланған болатын. Бірақ оның отырысы үкіметті жасақтаудағы саяси текетірестер мен елдегі діни жікшілдік қақтығыстарға байланысты кейінге қалдырылып келген еді. Ел президенті заң шығарушы органға 60 күннің ішінде үкімет басшысын сайлап мен премьер министр мен оның кабинентін мақұлдауды тапсырды. Бүгін Ирақтың Бақуба қаласындағы полиция бекетінде көлік жарылысы болып, 5 адам қаза болып, кемінде 20 кісі жарақат алды.
XS
SM
MD
LG