7-наурыз күні жарық көрген санында «Казахстанская правда» газеті Қазақстан әйелдерінің елдің қоғамдық-саяси өміріне етене араласып, ерлермен тең жағдайда өмір сүріп жатқандығын жазады. Бүгінгі таңда елдегі нәзік жыныстылардың қоғамның барлық салаларына белсене араласып, тіпті азиялық менталитетке тән емес жайт – ел басқару ісінде де қазақстандық әйелдер өз есесін жіберіп отырмағандығы баяндалыпты. Аталған басылым мәліметтерінше, Қазақстан үкіметінің 27 процентін әйелдер құраса, ел парламентінің 10 проценті әйелдердің үлесінде. Мұндай көрсеткіш ТМД елдерінің бірде-біреуінде жоқтығымен сарапшыларды таңдандырып отыр екен. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, ТМД елдерінің ішіндегі ең ірі мемлекет Ресейдің Федерация Кеңесінде әйелдердің үлесі 5,6 процент қана болса, Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасында нәзік жыныстылар 9,8 процентті ғана құрайды екен. Және де Қазақстан бұл мәселеде бір орында тұрып қалмай, гендерлік теңдік жөніндегі стратегияда аталып көрсетілгендей 2016 жылға дейін елдің атқарушы органдары мен биліктің барлық тұтқаларында әйелдердің санын барынша арттырып, отыз процентке дейін жеткізу мақсаты қойылып отырғандығы аталып көрсетліпті. Дегенменде Қазақстан Швеция сияқты 22 министрлік орынның 11-ін әйелдер иемденгендей деңгейге жете қоймағанымен, елдің жоғарғы эшелонындағы 4 министрлік орын нәзік жыныстылардың үлесінде және президенттің бір кеңесшілік қызметін де әйел адам атқарып отыр. Мұның бір себебі Қазақстанда қанша дегенменде нәзік жыныстыларға әлі де болса, биліктің барлық салаларында өздерінің мүмкіндіктерін ашып, қызмет сатысымен көтеріле беруге бірқатар қиындықтардың кедергі екендігі тілеге тиек болған.
Ал сейсенбі күні жарық көрген санында «Экспресс К» газеті бұл тақырыпқа басқа қырынан келіпті. Онда негізінен қазақстандық әйелдердің құқы мәселесі назар аударарлық проблемалардың бірі екендігі айтылған. 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қарағандылық бірқатар әйелдер ұйымдарының өкілдерімен кездескен қазақстандық омбудсмен Болат Байқадамов бұл мәселеде Қазақстанда көптеген атқарылар жайттардың бар екендігін атап көрсеткен. Соның бір көрінісіндей жалпы қазақстандық әйелдер қауымына тән жағдай - жұмыссыздық мәселесі қарағандылық нәзік жыныстылардың да бас ауыртар басты проблемасына айналған. Соның салдарынан олар ең ауыр қара жұмыстарды да атқаруға мүдделі болып отырған көрінеді.
«Егемен Қазақстан» газеті бұл тақырыпқа кеңірек тоқталыпты. Аталған басылым Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің тірегі болып отырған елдегі әйелдер қауымының өзара татулығынан деп түйін жасайды. «Әйел тату болса – ел тату» деген мақалада қазақстандық әйелдер қоғамда кездесіп жататын қиыншылықтарға қарамастан өздерінің түрлі саладағы орындарын еншілеуге ұмтылыстары қарқынды екендігі байқалатындығы баяндалған. Әрі ол үшін Қазақстанның қоғамдық -саяси өмірінде барлық жағдайлардың жасалғандығы аталып көрсетілген.
Сонымен қатар сейсенбі күні жарық көрген «Жас алаш» газеті қазақстандық әйелдердің елдің саяси өміріндегі алар орнына жіті тоқталған. «Елдің ашық саясат айдынына шыққан З.Батталова, М.Асфандиярова, Қ.Жақиянова, Г.Ерғалиева және Р.Таукинаның әрқайсысын қазақтың тек жан тыныштығын күзетіп жүрген тоғышар, тоқмейіл жүз жігітіне, тіпті мың жігітіне айырбастамас едік» деп жазады аталған басылым. Және де «Жас алаш» «Ақын-жазушының, оның ішінде де шын ақын-жазушының басты арманы не?» деген сауал қоя отырып, бұған жауап ретінде «Ақиқатты айту! Осы тұрғыдан келгенде, ұлтымыздың көрнекті ақыны Хамит Ерғалиев шын бақытты жан. Хамаң тәрбиелеген Гүлжан Ерғалиева – бүгінгі күні шындықты айта білетін сиректердің бірі әрі бірегейі» дейді. Сондай-ақ «Жас алаш» газеті өзінің осы санында соңғы кездегі Қазақстандағы саяси жағдайларға түрліше баға беріп жатқан шетелдік сарапшылардың көзқарастарын қорыта отырып, жақында АҚШ-тың «Вашингтон таймс» басылымы Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ын басқаруға мүмкіндігі қалмағандығын хабарлағандығын жеткізіпті.