Өйткені мыңдаған адам жастарға қатысты жаңа еңбек заңына байланысты наразылық акцияларын өткізу үшін ірі көшелерді жауып тастауға дайындалып жатыр. Осыған орай, транспорт одағы елдегі ондаған қалада қоғамдық көлік қызметі тоқтатылып, әуежайда ұшақтардың әрбір үшінші рейсі кейінге қалдырылғанын хабарлады. Сонымен қатар, билік өкілдері бүгінгі басылымдардың жарық көрмегенін, мектеп, банк, пошта қызметі мен үкіметтік мекемелердің жабылғанын айтуда. Жастардың бұл жаңа заңға қарсылығы жайында “Студенттер Одағының” президенті Тсалиа Вғетон былай деген:
“Бұл еңбек келісім шартын қабылдау жастарды негізсіз жағдайда қалдыратыны сөзсіз. Біздің түсінбегеніміз, неліктен жастар алдын-ала ескертусіз, өтемақы бермей, себепсіз жұмыстан шығаратын келісім шартты иеленуі керек?”.
Соңғы үш апта бойы жалғасқан бұл наразылықтар үкіметтің еңбек заңына реформа жасап, 26-дан төмен жастағы азаматтарды еңбек жағынан қорғау азаяды дегеннен соң күшейіп отыр.