Бүгін Бағдадта жүргізілген әскери операция барысында АҚШ күштері күдікке ілінген 8 бүлікшіні өлтірді. Сонымен қатар бүгін Ирақта орын алған түрлі жарылыстардан кемінде 3 адам құрбан болды. Басқа да хабарларға қарағанда, елдегі Біріккен Шииттер Альянсының басшылары бүгін кездесіп, Ибрахим Әл-Жафаридің кандидатурасын премьер-министрлікке тағайындау мәселесін талқылады, бірақ нақты бір шешімге келген жоқ. Күрдтер мен сунниттер елдегі сектанттық негіздегі қақтығыстарға Әл-Жафаридің үкіметі айыпты деп, оның қайта тағайындалуына қарсылық білдірген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі