Accessibility links

АҚШ ресмилері Европадан, егер Иран уран байытуды тоқтатпаса, оған қарсы санкциялар салуға мүмкіндік беретін қарар қабылдайтынынан үмітті


Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Никола Бернс Париждегі жиын алдында, Ресей, Қытай, Британия, Франция және Германия өкілдерімен кездесуінде мәлімдеген. Дегенмен де ол Вашингтон әлі де бұл жайттың дипломатиялық жолмен шешілгенін қалайды деп атап көрсеткен.

- Біз дипломатиялық үмітті жоғалтқан жоқпыз. Біз мұнда дипломатиялық шешімге сенеміз, бірақ ол екі нәрсеге тікелей байланысты, оның бірі - Иран үкіметінің уран байытудан бас тартуға дайындығына, екіншісі - өндірілген өнімнің ядролық қаруға қажет материал еместігіне біздің көзіміздің жетуіне байланысты.

Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттаки Ресей мен Қытай Иранға қарсы санкция салынуына немесе соғыс қимылдарына қолдау көрсетпейтіндіктері туралы Тегеранды хабардар етті деген.
XS
SM
MD
LG