ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш Орталық барлау басқармасының директоры қызметіне генерал Майкл Хайденді ұсынды. Президент оны “барлау саласында 20 жылдан асатын тәжірибесі бар”; “6 жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің директоры қызметінде отырды және өзінің мол тәжірибесімен барлау қызметін жаңа сатыға жеткізе алады” деп таныстырды. Өткен аптада Орталық барлау басқармасының директоры қызметінен кеткен Портер Гостың орнына Майкл Хайденнің тағайындалуына АҚШ Конгресі қарсы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?