Accessibility links

Ирандық бас дипломат Бағдадқа келді


Иран сыртқы істер министрі Манучер Моттаки бүгін Бағдадқа келіп Ирақтық ресмилермен өзара екі жақты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. Бұл Иран жетекшілігіне 2005-жылғы маусымда жаңа президент Ахмединежат келгелі Ираққа Ираннан келіп отырған алғашқы жоғары деңгейдегі ресми өкіл.

- Иран әзірше АҚШ-пен Ирақтағы жағдай бойынша тікелей келіссөздерге отырмайды, - деген баспасөз маслихаты кезінде Моттаки.

Ал АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Халилзат болса өзінің Ирақ жөнінде Ирандық ресмилермен келіссөздерге дайын екендігін білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG