Accessibility links

Таяу Шығыстағы бітімнен кім жеңіп, кім жеңілді?


БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Израиль мен “Хизболлаһ” ұйымының арасындағы соғысты тоқтату туралы Қарар қабылдады. Бірақ бұл құжат жанжалдасушы жақтардың өзі-өздерін “жеңіске біз жеттік” деп мәлімдеулеріне бөгет болған жоқ. Осы мәселеге байланысты “кімді - жеңді, ал кімді жеңілді деп есептеуге болады?” деген сауалды «Азаттық» Радиосының тілшісі Корнеги Қорындағы Таяу Шығыс бойынша орталықтың директоры Пол Салемге (Paul Salem) қойған болатын. Сауалдарға ол Бейрут қаласына сапары алдында жауап берді.

“АЗАТТЫҚ” Радиосы: - Екі жақ та - “Хизболлаһ” та, Израиль де, өздерін “жеңдік” деп жариялады. Ал Сіз кім жеңді деп ойлайсыз?

П.Салем: «Менің ойымша, барлық жақ та айтарлықтай жеңіліс тапты. Израиль – “жеңілмейтін орасан зор күші бар” деген атынан айрылды. “Хизболлаһ” ұйымы қаншама зымыранын және өзінің Ливандағы саяси абырой-беделін жоғалтты. Иран Ливандағы тірегінің бір бөлігінен айрылса, Америка Құрама Штаттары - Таяу Шығыс аймағындағы салмағының басым бөлігін тағы да жоғалтты».

“АЗАТТЫҚ”: - Егер ешкім де түпкілікті жеңіске жетпеген болса, кем дегенде бір жағы өзгесіне қарағанда бұл соғыстан абыроймен шыққан болар?

П.Салем: «Бұл көбіне Қарардың түрлі шартының қаншалықты орындалуына немесе орындалмауына байланысты болады ғой деп ойлаймын. Егер Қарардың талап-шарттары құжатта жазылғандағыдай орындалатын болса, онда “Хизболлаһ” АҚШ пен халықаралық қоғамның алдында көбірек ұтылған болар еді, егер Қарар толық орындалса, онда Израиль белгілі бір дәрежеде жеңген болып шығады деп ойлаймын. Менің ойымша, Ливанның ең көп ұтылған жақ болып қалғанын атап өткен маңызды. Ең көп адам шығынын көтерген және материалдық инфрақұрылымынан айрылған және өзінің нәзік саяси жүйесіне ойсырата соққы берілген қоғам болды. Азаматтардың ортасында көп дүрлігу, азамат соғысы болды – шынында да осы тұрғыдан келгенде Ливан ең көп ұтылған ел болып шықты”.

“АЗАТТЫҚ”: - Бір хабарға қарағанда, “Хизболлаһ” тобы ливандықтарды мекен-жайларына қайта оралуға шақырып, Израильге қарсы соғысында жеңіске жетуімен құттықтайтын үгіт-насихат қағаздарын тарату үстінде. Мұндай іс-әрекетімен аталған ұйым нені көздейді?

П.Салем: “Жақсы, әрине “Хизболлаһ” өзінің басынан кешкен барлық соққысы мен жоғалтқанын - өзінің саяси және әскери жеңісі ретінде көрсетіп, ақтағысы келеді. “Хизболлаһ” – Израильдің күш-қуатына толық бір ай бойы қарсылық көрсетіп, шынында да жеңілмеген арабтардың жалғыз күші, жалғыз армиясы болуы да мүмкін. Және соғыс қимылдары масқара жеңіліспен емес, бітім шартымен тоқтатылды. Сондықтан да “Хизболлаһ”, әрине, баспана-үйлерінен, ауылдарынан, туған-туыстарынан айрылса да, өздерінің ауыл-мекендеріне оралып жатқан халыққа оның бұл соғыстан басқа бір нәрсеге қол жеткізгенін көрсеткісі, байқатқысы келеді. Саяси тұрғыдан нендей нәрсеге қол жеткені әлі анық болмаса да, “Хизболлаһ” Израильге қандай күшті тойтарыс бергенін байқатуға тырысып, халықтың оны мақтан еткенін көргісі келеді”.

“АЗАТТЫҚ”: - Қарарда “Хизболлаһ” тобы тұтқындап алып кеткен 2 Израиль жауынгері туралы не айтылған? Өткен айда соғыстың басталуына осы 2 жауынгердің тұтқындалуы себеп болған жоқ па еді?

П.Салем: “БҰҰ-ының шешіміне сәйкес, жауынгерлер ешбір шартсыз босатылуға тиіс. Дегенмен де, оның орындалатын не орындалмайтын ешқандай белгісі жоқ”.

“АЗАТТЫҚ”: - Израильде үкіметке қарсы “премьер-министр Эхуд Ольмерт “Хизболлаһ”-қа ойсырата соққы бермеді” және “өткен аптадағы шешуші шабуылды кейінге ысырмауға тиіс еді” дегендей көп сын айтылды. Осындай сындарға негіз болды ма?

П.Салем: “Израильдің соғыспен жауап беруіне қатысты ол жоқта, еш күмән жоқ, көп қарама-қайшылық бар: құрлықтағы соғыс қимылдарына қарсы әуеден соққы беру, ондай соғысқа уақытты таңдауы, оны ұйымдастыру, премьер-министрдің оны бағалауы және т.т. Бұл мәселелер, менің ойымша, алдағы апталарда өтетін пікірталастарда жартылай және келешекте өтетін саяси сайлаулардың барысында шешімін табады. Сонымен бірге, күтпеген соғыстан жақсылық болды деу де қиын. Бұл соғысты бірде-бір жақ жоспарлаған жоқ-ты. Іс жүзінде “Хизболлаһ”, өзінің тұтқында отырған мүшелері бойынша келіссөзге мәжбүрлеу мақсатымен, Израиль жауынгерлерінің тобына қарсы шектеулі халықаралық операция ұйымдастырса керек. Міне осы жайт кең етек жайған соғысқа айналды. Бұл жағдай үшін “Хизболлаһ”-ты сынап, жазғыруға болардай”.

“АЗАТТЫҚ”: - Иран – бұл жанжалдан ұтылып шықты ма әлде абыроймен шықты ма?

П.Салем: “Жақсы, аралас болды. Бастапқыда, “Хизболлаһ”-тың шабуылын немесе халықаралық операцияны араб елдерінің көпшілігі “бассыздық” әрекет деп өткір сынға алды. Бірақ, ол кезде Израильдің қайтарған жауабының ауқымы мен АҚШ-тың оны қолдауы және Израильдің соққысына ұшыраған “Хизболлаһ”-тың маңайына ислам мен араб елдерінің шоғырлануы – арабтардың көзқарасын тағы да өзгертті. Бірақ мен ақыр-соңында Иранның маңайындағы ахуал күрделенді деп ойлаймын. Бір жағынан, деп ойлаймын мен, Израильге қарсы тұрған ұйымды қолдағаны үшін ол араб-ислам қоғамы алдында аз да болса құрметке ие болды. Басқа жағынан, “Хизболлаһ”-қа берілген соққы – “Хизболлаһ”-тың қарулы күш немесе тағы басқа болып Иранның атынан қорқытушы күш ретіндегі мәртебесін түсіреді. Ал “Хизболлаһ” – Иранның Израиль немесе АҚШ жағынан соққы берілуіне қарсы қорқытатын ең басты құралының бірі болатын. Міне осы майданда, менің ойымша, Иран көп ұтылды. Енді оның ахуалына қатер төніп тұр. Ендігі жерде оның ядролық бағдарламасы проблемасы халықаралық қоғамның назарына ілінуі мүмкін. Менің ойымша, бұл саяси қысымның келесі амалы болуы мүмкін”.

“АЗАТТЫҚ”: - Бітім жалғаса ма?

П.Салем: “Мен бітім шынында да жалғасады деп ойлаймын. Шаң-тозаңның басылуына уақыт керек болар. Бірақ, ақыр-аяғында, деп ойлаймын мен, бітімнің жалғасқанын екі жақ та қалайды, оның жалғасқанын халықаралық қоғам да тілейді. Соғыстың әрі қарай жалғасқанынан кез-келген жаққа пайда бола қояды деп ойламаймын. Демек, мен бітім жалғасын табады деп күтемін. Бірақ, тараптардың сабасына түсуі үшін уақыт қажет болуы мүмкін”.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG