Accessibility links

Жапон үкімет басшысы Қазақстанға сапармен келмекші


Жапония Қазақстанды табиғи ресурстарға бай ел және Қазақстан көшбасшысы болып саналатын Орталық Азияны 55 миллион халқы бар базар ретінде қарастырады. Бұл туралы Астанада тамыздың 22 күні Жапония премьерінің Қазақстанға сапары қарсаңында өткізілген баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы Жапон елшісі Тэцуо ИТО хабарлады. Ал, қазақстандық сарапшылардың кейбіреуі Қазақстанға Жапониядан үлгі алып шикізатқа емес жоғары технологияларға көңіл бөлген жөн деп санайды.

Қазақстандағы Жапон елшісі Тэцуо ИТО айтып өткендей, Жапония премьер министрі Дзюнъитиро КОИДЗУМИ Қазақстанға бірінші рет келгелі отыр. Тамыздың 28 күні ол президент Назарбаевпен кездесуге тиіс. Қазақстан басшылығы Жапония басшылығын 1994 жылдан бері шақырып келеді, дейді Жапон елшісі. Ал, соңғы кезде Орталық Азия тек Жапониянығана емес басқада елдердің қызығушылығын тудырған.

Қазақстандағы Жапон елшісі Тэцуо ИТО айтып өткендей, Қазақстан геосаяси жағынан Ресей мен Қытай сияқты көршілермен қоршалған. Және Жапония Қазақстанға мұнаймен газға бай қуат көзі ретінде маңыз береді. Алайда, екі ел арасындағы тауарайналым көрсеткіштері Қазақстанмен Ресей немесе Қазақстан Қытайдыкінен төмен, дейді Жапон елшісі.

Жапон елшісінің айтуынша Қазақстан көшбасшысы болып саналатын Орталық Азияны 55 миллион халқы бар базар ретінде қарастырады. Сондықтан Жапония Қазақстанның Орталық Азия аумағындағы қарым-қатынасты нығайту идясын қолдайды, деді елші. Қазақстандағы Жапон елшісі Тэцуо ИТО айтып өткендей, Орталық Азиядағы ортақ базарды құру әсіресе Қазақстанға және Жапонияны қосқандағы басқада елдерге тиімді.

Қазақстанның халықаралық қатынастарын ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген заңгер Марат Башимовтың айтуынша Жапониямен Қазақстан арасындағы қатынаста екі жаққа да тиімді жағы бар:

- Жапония өздері де айтып тұр Қазақстанды Орталық Азиядағы жоғары мемлекет деп санаймыз деп, өйткені мұнда мұнай бар. Өздерінің пайдаларын көріп тұр олар. Бірақ Жапония, айтып кету керек, Орталық Азияға 2,5 миллиардтай ақша беріп тұр. Оның ортасында Қазақстанғада бірталай болған, мына Семейде салған көпір бар, әуежайды жөндеген. Бір жағынан мына студенттермен аспиаранттардың қатынастары аздау болып тұр. Мұның өзін елші қолдап жатыр.

Қазақстандағы Жапон елшісі Тэцуо ИТО айтып өткендей, Жапония аумақтағы бай табиғи ресурстарға үлкен маңыз береді:

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Жапония азаматы Коджи КОНДОРИЯНЫҢ айтуынша текқана Жапонияғана емес Қытай, Ресей, Еуропа, Америка басқада елдер ресурстарға қызығады Жапонияғада Қазақстанның энергетикалық базарына қатысуы керек.

Заңгер Марат Башимовтың айтуынша екі ел арасындағы қатынаста Қазақстан өз саясатын өзгерткені тиімді:

- Мына жоғары технологияны алған жақсы болар еді, өйткені оны тезірек үйренсек бізде Жапония сияқты болар едік. Өйткені Жапонияда солай соғыстан кейін технологияларды тезірек қолдап Американың өзін басып кеттіғой. Бізгеде сондай саясатты жүргізген жөн болушы еді.

Қазақстандағы Жапон елшісі Тэцуо ИТО айтып өткендей, Жапония Қазақстандағы негізгі донарлардың бірі. Жапон көмегі Қазақстанға гранттар қайтарылатын және қайтарылмайтын ақша түрінде беріліп келеді. Жобалардың ішінде инфрақұрылым олардың ішінде жолдар мен әуежай жөндеу, медициналық көмек және ауыл шаруашылығындағы жобалар аталды. Жапония мен Қазақстан қатынасы тек экономикамен шектелмейді. Екі ел арасындағы бірнеше бағыт ішінде лаңкестікпен күрес және қауіпсіздік шараларына ерекше орын берілген. Ал, Қазақстандағы Жапон елшісі Тэцуо ИТО айтып өткендей, зымыран жасаған Солтүстік Кореядан қауіп бар. Міне осы мәселелер екі елдің басшылары арасында талқыланады дейді елші.

Ал, Қазақстаннан кейін Жапония премьер-министрі Дзюнъитиро КОИДЗУМИ Өзбекстанға аттанады деп хабарланды. Жапон үкімет басшысының Орталық Азиядағы бұл жолғы сапары тек осы екі елмен шектеледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG