Accessibility links

Қазақстан президенті Назарбаев АҚШ-қа қандай мақсатпен бара жатыр?


29 қыркүйекте Қазақстан президенті Назарбаев АҚШ-қа аттанады. Бұл туралы Астанада қыркүйектің 19 күні Назарбаевтың баспасөз хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед хабарлады. Оның айтуынша бұл сапарда демократияны алға жылжыту, лаңкестікпен күрес және энергетикалық мәселе талқыға түседі. Ал қайсібір қазақстандық сарапшылар бұл сапардың мақсаты өзгеше деген пікірде.

«Ақ үйдің қалыптасқан дәстүрі бойынша мұндай сапарлар жайлы мағлұмат арнайы пресс-релиз арқылы таратылады, ал, бұл жолы АҚШ президенті Буштың баспасөз хатшысы ресми түрде мәлімдеме жасады. Мұның өзі осы сапарға деген АҚШ-тың құрметі деп айтуға болады», деді Қазақстан президенті Назарбаевтың баспасөз хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша осы мәлімдемеде Қазақастан АҚШ-тың Орталық Азиядағы аса маңызды стратегиялық әріптесі болып есептеледі деп айтылған. Қазақстан президенті Назарбаевтың баспасөз хатшысы Мұхтар Құл Мұхаммед журналистер алдында екі президент талқылайтын тақырыптарды айтып берді:

- Президент Бушпен президент Назарабаев осы кездесуде бірқатар мәселелерді талқылайды. Оның ішінде демократияны алға жылжыту, лаңкестікпен күрес, энергетикалық әр тараптандыру және екі елдің гүлденуімен азаттықпенен қауіпсіздікті одан әрі қарай кеңейту мақсаттары талқыланады.

Ал, саясаткер Дос Көшімнің пікірінше бұл сапардың мақсаты өзгеше:

- Еуропа қауіпсіздігіменен ынтымақтастығы кеңесінің төрағасы болуға ниет етіп отыр президент. Соған байланысты АҚШ-тың тарапынан Ұлы Британия тарапынан көптеген сындар айтылды. Олар қолдмайтындықтарын білдірген. Менің ойымша негізгі мәселе осы болады. Бірақ, осы мәселе төңірегінде олардың қолдауын алу үшін олардың белгілі бір талап-тілектері бар. Негізгісі Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүру бағыты. Бұған тұрғындардың өздеріде әлі күнге дейін көңілдері толмай отырғандығы белгілі. Керек десеңіз билік тарапынана да сайлаудың алдында көптеген пікірлер айтылды президенттің аузынанда демократияның қажеттілігі жөнініде пікірлер айтылып жатқанынын білеміз. Бірақ, сайлаудан кейін осыған байланысты нақты қадамдар жасалғанын көрген жоқпыз, демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссиядан басқа.

Ал, Қазақстан президенті Назарбаевтың баспасөз хатшысы Мұхтар-Құл Мұхаммедтің айтуынша Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапарларының бірінде оған демократияны ілгерілендіргені үшін жасаған үлкен үлесі үшін сайлау жүйесі халықаралық қорының дипломы берілген.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстанмен АҚШ-тың тауарайналымы 2 миллиард долларға жетуге жақын. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе артық деп хабарланады. АҚШ-тың Қазақстанға салған жалпы инвестициясы 12 миллиард доллар, бұл барлық шет елдік инвестияның үштен бір бөлігі, дейді Қазақстан президенті Назарбаевтың баспасөз хатшысы Мұхтар-Құл Мұхаммед. Оның айтуынша Қазақстанмен АҚШ террорға қарсы бірігіп күресіп келеді. Ауғаныстанға бостандық операциясы шеңберінде Қазақстан АҚШ ұшақтарына әуе дәлізін берген. Және Қазақстан Ирақтағы халықаралық коалицияның мүшесі болып табылады, деді ол.

Саясаткер Дос Көшім болса бұл мәліметті құптап отыр:

- Лаңкестік және энергоресурс жағынан ешқандай түсінбестік жоқ сияқты. Текқана біздер АҚШ-тан гөрі қазір Ресеймен Қытай бар ШНОС-тың бағытындамыз. Жалпы саясатты алатын болсақ, бұл бағыт АҚШ-тың бағытына сәлде болса кереғар. Дегенмен АҚШ-тың Қазақстандағы энергоресурс мұнай жағынан өздерінің саясаттары бар.

Ирақта халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамындағы 27 адамнан тұратын Қазақстанның бітімгершілік батальоны 2003 жылдан бері әскери борышын өтеп келеді.
XS
SM
MD
LG