МӘСКЕУ: Ресей газеті өзінің саяси шолушысы Анна Политковскаяны өлтірген адамды тапқанға 25 млн. рубль сыйақы беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар “Новая газета” басылымы Чешенстандағы кісі ұрлау мен азаптаулар туралы мақалалар жазып келген шолушысы А.Политковскаяны өлтірген қылмысқа өзі де тергеу жүргізбекші. Газеттің бүгінгі санының бірінші бетінде берілген мақаласы “Новая газета” барда, оны өлтіргендер тыныш ұйықтамайды” деген айдармен шықты. Кремль журналист әйелдің өліміне сыр білдірмеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?