Accessibility links

АҚШ Қауіпсіздік Кеңесіне Солтүстік Кореяға экономикалық санкция салу жөніндегі қарар жобасын ұсынды


Құрама Штаттар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Солтүстік Кореяға экономикалық санкция салуды қарастыратын қарар жобасын ұсынды. Бұл қадамдар әлем елдерінің Пхеньянның дүйсенбі күнгі ядролық сынақтарын айыптаған мәлімдемелерден соң жасалып отыр. Бірақ, Пхеньянмен қарым-қатынастары бар Ресей мен Қытай, АҚШ-тың Солтүстік Кореяны оқшаулап тастауға тырысқан әрекеттеріне қолдау жасай ма, жоқ па?

Солтүстік Кореяның ресмилері өз елінің ядролық сынақтарды сәтті өткізгеніне байланысты қанағаттанарлық сезімдерін білдіруін жалғастырып келеді:

“Мен жерасты ядролық сынақтарды өте сәтті жүргізген біздің ғалымдарымыз бен зерттеушілерімізді аса мақтан тұтамын”.

Бұлай деп Солтүстік Кореяның БҰҰ-ндағы елшісі Пак Джиль Ионь кеше Нью-Йоркте журналистерге айтқан.

Бірақ, бұл тұрғыдағы БҰҰ-ның ұстанымы мүлде басқа. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері бірауыздан Пхеньянның ол әрекетін қатты сынға алды:

“Кеңес мүшелері бұған жауап ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің жолдауы мен әрекеті өте күшті әрі тез және айқын болуы тиіс екенін баса айтады”- деген Кеңеске осы қазан айында төрағалық етіп отырған БҰҰ-ындағы Жапония елшісі Кензо Ошимо.

Қауіпсіздік Кеңесінің дүйсенбі күнгі отырысында Құрама Штаттар Пхеньянды жазаға тартатын қарар жобасын алға тартты. Яғни, Уашингтон Қауіпсіздік Кеңесін БҰҰ-ның жарғысындағы жетінші бабы бойынша санкция салуға шақырды. Жарғыдағы жетінші бап - БҰҰ-на әлемдік елдердің келісімі негізінде күшпен болса да барлық жағдайларды қолдануға құқық береді.

Дәл қазір Құрама Штаттардың ұсынысы талқыланар тұста Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяны алдағы сынақтардан бас тартып, алты жақты келіссөзге қайта отыруға шақырды. Ол алты жақты келіссөздер құрамында Қытай, Ресей, Құрама Штаттар, Жапония мен екі Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері бар.

Ал бұл орайда Уашингтон болса, Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореямен қандай да бір халықаралық сауданы тоқтату тұрғысындағы шараларды қолға алғанын қалайды. Ол сауда-саттықта Пхеньян жаппай қырып-жоятын қару жасауда қолданатын материалдарды сатып алатыны айтылады. 13 баптан тұратын АҚШ-тың қарар жобасында ядролық қаруды қолдануда пайданылуы мүмкін қаржылық операцияларды тоқтату үшін Солтүстік Кореяға келетін және бұл елден шығарылатын жүктерге халықаралық тексеру орнатуды ұсынады.

Ендігі мәселе Пхеньянмен байланыс құрып келген Қытай мен Ресей Уашингтонның бұл қысым жасау тұрғысындағы ұсынысын қалай қолдауы мүмкін. Қытай Солтүстік Кореяның үлкен сауда әріптесі, сонымен қатар Ресейдің де Пхеньянмен сауда әрі саяси байланыстары бар.

Бейжин мен Мәскеу екеуі де өздерінің Пхеньянның қарусызданғанын қалайтынын, бірақ егер дағдарыс келіссөздер арқылы шешілмесе аймақтық тұрақтылыққа қауіп төнетінін айтқан. Бұл туралы Қытайдың БҰҰ-ындағы елшісі Фың Тчинг кеше өз елінің ұстанымын былай жеткізген:

“Менің пікірімше, біз бұл мәселеге қатты жауап қатуымыз керек бірақ сонымен қатар менің ойымша біржағынан мәселені дипломатиялық тұрғыда шешу жолы әлі ашық”.

Дүйсенбі күні Солтүстік Корея ядролық сынақтарды жергілікті уақытпен сағат 10 ,36 да жасаған.

Бұл сынақтарды жасаумен бағытын күрт өзгерткен Солтүстік Корея осыған дейін ядролық қаруы бар екенін нақтылып, бірақ уақыты келгенде ядролық бағдарламасынан бас тартып оны қауіпсіздік кепілі ретінде Батыспен сауда-саттық құрып және көмек алуға айырбастайын сыңай танытқан еді. Енді қазір сарапшылар Пхеньянның өз елін ядролық қаруы бар алпауыт күштерге қосылған соңғы ел екенін жариялау арқылы нені айтқысы келгені түсініксіз дейді. Бұл арада онымен қатар ақпарат агенттіктері ресми Пхеньян өкілдерінің “біз әлі де ядролық қарудан бас тартып, алты жақты келіссөздерге оралу ниетіміз бар” деген сөздерін келтіріп жатыр.

Құрама Штаттар мен тағы басқа елдер Солтүстік Кореяның ядролық қаруы аймақтағы елдер Оңтүстік Корея мен Жапонияға үлкен қауіп төндіріп тұр деп алаңдайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG