Қазақстанның бірқатар кәсіпорындарда тексеру жүргізген Қаржы министрі Коржованың айтуынша мемлекеттік коммуналды қордың құрылыс нысандарына берілген қаржының 5 миллиард теңгесіне жуығы игерілмей қалды. Негізгі себеп байқау мерзімдерінің және мердігер жұмыстарының кешіктірілуі, дейді Коржова. Бірақ, егерде қаржыны дер кезінде игеру керек деген талап қойылса, онда мердігерлер асығып жұмыстың сапасы болмайды, дейді кейбір сарапшылар. Министрдің айтуынша жылдың 9 айында басқада салаларда 24 миллиард теңге бойынша заң бұзу анықталды. Оның ішінде бюджеттен берілген 6 миллиард теңге негізсіз жұмсалды. Жарты миллиард теңгенің заттары жетіспейтіндігі анықталды. Және жарты миллиард теңге көлеміндегі салық бюджетке түспей қалды.
Кәсіпкер Төретай Аманбаевтың айтуынша, қаржының игерілмеуіне жобаларды қаржыландыратын адамдар айыпты:
- Қаржы бөлінген саланың қызметкерлері администраторлары мынаны жұмсап ертең бәлеге қаламын деуі мүмкін. Екінші жағынан, техникалық себептер болуы мүмкін. Менің ойымша, басшылар ондай ақшаны жұмсауға қорқады, аудан әкімдеріндегі батылдық жоқтығынан.
Кәсіпкер Еркебұлан Еңсеповтың айтуынша, қазіргі үкімет көп жоспарлайды, бірақ, жоспардың орындалуы ақсап тұр дейді ол:
- Біздің үкімет көп жағдайда жақсы жоспарлар құрады. Бірақ, көбінесе тым алға секіріп кетеді. Өйткені кәсіби емес үкіметтің кемшілігі популизмге құмар.
Коржованың айтуынша мұның сыртында мемлекеттік сатып алу саласында 86 миллиард теңгені жұмсауда заң бұзылғандығы анықталды.
Тендерлерге байланысты сын биыл мұндай жоғары деңгейде осымен үшінші рет айтылып отыр, дейді бақылаушылар. Жылдың басында Қаржыны қадағалау комитетінің мәліметінше осы салада 40 миллиард теңгенің заңсыз игерілгендігі анықталған. Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенұлының мәліметіне қарағанда қазіргі қалыптасқан тендер өткізу жүйесі мемлекетке тиімсіз:
- Тек бір жаққа тиімді жасау үшін, тендерлерге қатысушыларға заңда жоқ талаптар қойылады, бұл бір. Екіншіден, тендерге бір басшыға бағынатын компаниялар қатыстырылады. Үшіншіден, ақша алған тендерлік комиссия өкілдері мемлекетке тиімді емес өзіне тиімді компания үшін дауыс береді.
Жәмкенұлының айтуынша, өткен жылы мемлекеттік сатып алуға 400 миллиард теңге немесе 3 миллиард доллар бөлінген. Және жыл сайын бұл сома 65 миллиардқа ұлғайып отырады. Прокурорлардың айтуынша, әдетте тендерлерге өздері жұмыс істемейтін ұсақ мердігерлер қатысады. Бірақ, тендерді жеңіп шыққансоң олар қызмет бағасын көтерудің арқасында тапсырысқа берілген ақшаның 30-50 пайызын алады. Жылдың ортасында бұл мәселе тағы көтерілді. Тек бірінші жарты жылдықта жалпы сомасы 58 миллард теңгені құрайтын саудаларда мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңға қайшы келетін қателіктер табылды. Бұл туралы Қазақстанның қаржы министрлігінің қаржыны қадағалау және мемлекеттік тапсырыс жөніндегі комитет төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин хабарлады. Оның айтуынша мемлекеттік сатып алу заңын бұзған адамдар жауапқа тартылып жатыр:
- Заңды бұзғандықтан біз 85 иск соттарға бердік. Құрылыс мәселелерінде көп кемшіліктер бар, ауыз су бағдарламасын тексердік ондада осындай кемшіліктер табылып отыр.
Қаржы министрлігі тендерлерді халықаралық тәжірибеге сүйеніп өткізуді ұсынып отыр. Дамыған елдерде мемлекеттік тапсырыс туралы мәліметті жарияламас бұрын, арзан және сапалы қызмет ұсынатын компанияларды іріктеп алады. Сосын интернетпен тендер өткізіледі. Осылайша дербес қызығушылығы бар адамдардың араласуына тосқауыл қойылады адам факторы азаяды және тендерге көптеген кәсіпорындар қатысуға мүмкіншілік алады. Бірақ бұл әңгіменің көтерілгеніне 3 жыл болды нәтиже жоқ, дейді бақылаушылар. Ал, Қазақстанның қаржы министрлігінің комитет төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазиннің айтуынша 2007 жылдың наурыз айында алғашқы электронды сауда өткізіледі.