Accessibility links

Иран центрифугалар орнатыла басталған жоқ дейді


Иран Атом энергетикасы ұйымының өкілі Хұсейн Симорх уран байыту мақсатында елде үш мың центрифуга орнатыла басталды деген мәлімет шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді кеше. Мұндай жорамалды Тегеран парламентінің өкілі Алладин Бороуджерді айтқан болатын. Көп ұзамай Иран Атом энергетикасы ұйымының өкілі мұны жоққа шығарды. Иран центрифугаларды қоя бастаймыз деп көптен бері айтып келеді. Байытылған уран атом бомбасын жасауға жарамды.
XS
SM
MD
LG