Accessibility links

Өткен бірер аптада саясаткерлердің аңдамай сөйлеушілігі жиі кездесті


Нан мен сары майды бір-бірінен қалай ажыратып қарамасақ, саясаткерлер мен қателіктерді де бір-бірінен ажырату қиын. Басқа да шаралардың қатарында жақында қателіктер үшін де жетілген бір маусым болды. Мүмкін оған су да, ауа райының құбылысы да себепкер болды, немесе уақыттың өзі оған жағдай туғызды, бірақ қандай да бір себептермен Түркия мен Токио аралығындағы саясаткерлер дұрыс емес уақытта дұрыс емес сөз айтып қалып жатады.

Мұнда қателіктердің кейбір негізгі анықтамалары келтірілген. Сөздікке қарағанда, абайламай айту, яғни жаңсақтық дипломатиялық немесе өрескел қателік, демек, анық қателік, не дұрыс емес пікір деп бағаланады. Әрине, мұндай қателікке жол берген адамға оңай болмайтыны белгілі.

Кейде тіпті жаңсақ сөйлеу сол адамның мансап баспалдағына қатты әсер етеді. Француз саясаткері Жан-Пьер Дарнистің айтуына қарағанда:

- Кейде ол карьераңды жоқ қылады. Кейде ол қателік те болмауы мүмкін, мәселен ол бір өрескел мінез-құлық, күтілмеген жайсыз жағдай да болуы ықтимал, міне осының бәрі үлкен әсер етеді.

Міне осындай жаңсақтық, қателіктерге жол беру жағдайында соңғы бірер апта айрықша болды.

Өздерін осындай ыңғайсыз жағдайда қалдырған тұлғалардың қатарында Жапония денсаулық сақтау министрі, Әлемдік Банктің басшысы, Франция президенті және Франция мен АҚШ-ың президенттік сайлауға түскен кандидаттары бар.

Нақты бір қателік демесек те, Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің басқа бір әйелге ашық қырындағаны үшін кешірім сұрауы керектігі туралы оның өз әйелінің оппозициялық газетте жариялаған хаты Берлускониді аса бір қолайлы жағдайда қалдырды деп айтуға болмайды. Ол өз қылығы үшін кешірім сұрады да.

Мысалға, басқа саясаткерлерден гөрі көбірек жаңсақтыққа ұрынған Франция социалистер партиясының президенттік кандидаты Сиголени Роял осындай қателіктер өнеріне маманданғандай.

- Мен өз бағытымды таңертеңгілік сіздердің радиодағы әріптестеріңізге айқындап бердім.

Бұл Роялдың өткен аптада Парижде айтқан сөзі, бұның өзі кандидат пен оның кеңесшілері абайламай шыққан сөздері үшін қайта-қайта назарға ілініп тұрған шақта айтқандары. Онда Роял Канада радиосынан берілген сөзінде Канададағы француз тілді аймақ Квебектің егемендігін қолдаймын деген, ал мұнда көпшілік Оттавадан тәуелсіздік алуды қалайды.

Бұл мәлімдеулер Канадада ашу-ыза туғызып, ереуілдерге ұласты. Канада премьер-министрі Стивен Харпер Роялдың аталған мәлімдеулерін өте ыңғайсыз айтылған сөз деп атап, кандидат Канаданың істеріне араласты деді. Комментаторлар Роялдан сепаратистік қозғалыстарымен белгілі Францияның Корсика аралына да тәуелсіздік беру керек деп есептей ме, жоқ па деп те сұраған еді.

Роялдың кеңесшісі Джек Ланг даулы жайтты басуға шақырылғанымен, оның айтқандары, мәселені реттеуге көп көмектесе алған жоқ дейді білетіндер.

Роялдың келесі бір қателігі - Қытайдың коммунистік жүйесін мадақтауы болды.

Францияның қазіргі президенті Жак Ширак абайламай айтушылық жағынан өз ізбасарынан қалысқан жоқ. Ол журналистер алдында егер Иранда бір-екі жаппай қырып-жою қаруы болса, ол онша қауіпті емес деп айтқан болатын. Осы сөздерден кейін Жак Ширактың кеңсесі Франция үкіметінің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты саясатын әлемге түсіндіріп әлек болуда.

Жаңсақтық немесе бір нәрсені дұрыс айтпау, көп ретте, көрінбейтін пікір қалыптастырып, сенім туғызады, әдетте оның біреуін қауымдастық қабылдамайды. Саяси талдаушы Дарнис былай дейді:

- Өте жиі кездесетіні - саясаткерлер мен олардың күн тәртібін кеңесшілері немесе ұжым мүшелері әзірлейді. Олар оған мынаны айтыңыз, ал мына бір бапты айтпаңыз деп белгілеп береді, бірақ та олар ел алдына шыққанда жан-жақтан қысымды көргенде әлгі айтпа дегенді ұмытып кетеді, сөйтіп ыңғайсыздыққа ұрынып жатады.

Жақында Токиода Жапонияның денсаулық сақтау министрі Хакуо Янагишуа әйелдерді "бала туатын машина" деп атаған болатын. Дегенмен де ол өзінің бұл айтқандарын бірден өзгертіп, түзетуге тырысқанымен де, сыншылар оның бұл сөздері жаңсақ айтылған дөрекі қате деп сынап үлгерді.

Десек те, кей уақытта көпшілік, қоғам алдында қолайсыздыққа ұрыну үшін аңдамай сөйлеудің өзі де қажет болмай қалады.

Бір ғана мысал, жақында Әлемдік банктің президенті Пол Вулфовец Түркиядағы сапары кезінде ел алдында жайсыз жағдайға қалды. Ол мешітке аяқ киімін шешіп кірген кезде әлемдік банк жетекшісінің шұлығының тесік екендігі айдай әлемге әйгілі болды. Түркия өнеркәсіпшілері болса, Вулфовицке бір бума жаңа шұлық жібереміз деп уәде етті.

Иә, сонымен, ел алдында ыңғайсыздыққа душар болу үшін, қазақ айтқандай, "аңдамай сөйлеген - ауырмай өледі" дегеннің өзі де аз болса керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG