Accessibility links

Бейсенбі күні Берлинде кино фестивалі басталады


Бүгін Белинде жоғарғы “Алтын Аю” сыйлығын ұсынатын кинофестиваль ашылады. Оған әлемнің 26 елінен кинофильмдер қатысады. «Азаттық» радиосының тілшісі 18-ші ақпанға дейін жалғасатын 57-ші Берлин фестивалінің баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы Фрауке Гройнемен сұхбаттасқан еді.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Осы жылғы Берлин фестивальі 2006 жылға қарағанда, саяси тақырыптан алшақтау болатын сияқты. Алайда, өткен жылы шыққан көп кинофильмдер терроризммен күрес, Таяу шығыстағы қақтығыс немесе Босния трагедиясы сияқты мәселелерді көтеріп өткен соғыстарға назар аудартқан. Мәселен, Клинт Иствудтың “Иво Жимадан хат” деген киносы сияқты, Стивен Содербергтің “Жақсы неміс” немесе Роберт Де Нироның “Жақсы бақташы” фильмдері Екінші Дүниежүзілік соғыс пен соғыстан кейінгі кезеңді көрсетеді. Басты назар осындай тақырыптарға аударылды ма?

ФРАУКЕ ГРОЙНЕ: “Жоқ, сіз мұны жалпы назар аударатын тақырып деп айтуыңызға болмайды. Біздің барлық бағдарламамызда 370-тен аса фильм бар. Сондықтан, ол өте көптүрлі бағдарлама, тіпті бәсекелестік үшін, мен бізде әртүрлі тақырыптар, артта қалған түрлі жайттар бар деп айтсам болады. Әлбетте, кейбір фильмдер тағы да саяси тақырыптарды көтереді, өзіңіз айтып өткендей, басқа фильмдердің де саяси мазмұны бар”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Ендеше сол екі жақты яғни сараптаудан өткен және қазылар алқасының сынынан өтпей қалған, бірақ фестивальде көрсетілетін фильмдерді атап өтсеңіз?

ФРАУКЕ ГРОЙНЕ: “Мен көп адам Клинт Иствудтың жарысқа түсетін Екінші Дүниежүзілік Соғыс туралы “Иво Жимадан хат” деген фильмін көруге қызығушылық танытады деп ойлаймын. Және әрине онда неміс киноларына қызығушылық мол болып отырғандықтан менің пікірімше халықаралық қонақтар Кристиан Петсолтдың “Иелла” немесе Стефан Рузовитскийдің “Жалған ақша жасаушы” деген киноны көргісі келеді. Біздің арнайы бағдарламаларымызда алдыңғы орынға шығарылған фильмдер бар, мысалы 1980 жылдары белгілі болған германиялық режиссер Рейнер Вернер Фазбиндердің жаңадан өңделген “Берлин Александрплатс” киносы көрсетіледі. Біз оны жаңадан жасалған дижиталды версиясын көрсететін боламыз”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Ал, Берлин фестивалі қандай фильммен ашылады?

ФРАУКЕ ГРОЙНЕ: “Ол өте әсерлі фильм және оған көп назар аударылып отыр. Ол Франциялық режиссер Оливье Даханның белгілі франция әншісі Эдит Пиаф туралы “Жас бала” деген фильмі”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Осы жылы Қытайдың екі фильмін қоспағанда Шығыс Еуропа немесе Азиядан бұрынғымен салыстырғанда, конкурсқа түсетін фильмдер аз сияқты ғой?

ФРАУКЕ ГРОЙНЕ: “Шығыстан келетін туындылардың саны жылдан жылға өзгеріп отыр. Менің айтайын дегенім, мысалы өткен жылы бізде екі ресейлік фильм болса, осы жылы Ресейден төрт фильм бар. Біз үшін ең таңқаларлығы осы жылы бізде бірінші рет Мажарстаннан 10 фильм бар. Сондықтан, олардың саны жылда өзгеріп отырады. Бұл жалпы осы елдердегі кино өнеркәсібі үшін маңызды болмауы керек. Ол жыл сайын өзгереді”.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: Жыл сайын Берлин кинофестивалінің қазылар алқасы өте белгілі режиссерлер мен әртістерден құралады. Осы жылы қазылар алқасында кімдер бар?

ФРАУКЕ ГРОЙНЕ: “Біздегі қазылар алқасында кино саласынан жеті адам бар. Қазылар алқасының президенті “Американдық жиголо” фильмінің режиссері әрі “Такси жүргізушісі” деген кино сценарисі Пол Шредерді бәрі біледі. Сондай-ақ, халықаралық кино саласына жақсы белгілі әрі “Қазіргі жұмақ” деген фильмде ойнаған палестиналық актриса Хайем Аббас ханым бар. Германиялық актер Марио Адорф, Американдық актер Уильем Дефо және Мексикадан танымал жас әртіс Гаэль Гарсиа Берналь, Гонконгтың кино продюссері Нэнсан Ши мен Даниялық киноредактор Молли Малене Стенсгаард бар”.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG