«Қазақстандық компаниялар бүгінде қаржысын елде орналастыра алмай сыртқа шығып жатыр, Еуропа Түркия және басқа да елдерге. Неге бұны бұрмасқа, өйткені Грузия бүгінде бизнес жасауға өте ыңғайлы жағдай жасаған», - деді президент Назарбаев.
Жергілікті экономист Арыстан Есентүгеловтің айтуынша, жергілікті кәсіпкерлер өз ақшасын басқа елдерге салуға мәжбүр болып отыр:
- Өзіңде инвестициялық климат болмаса саған ешкім де қаржы салмайды. Ол отандық па, басқа ма, маңызы жоқ. Ол үшін өзіңде ақша салатын қызықты сектор болу керек. Ал сенде ол жоқ. Мұнай біздің балаларға тимейді. Металлургия әлдеқашан кеткен. Ал өңдеу саласы әр базарда бөлініп кеткен.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, екі елдің қатынасындағы негізгісі мұнай-газ және энергетикалық кешен салалары. Және Қазақстан астық терминалын салуға ынталы.
«Есесіне, көп көлемде Грузиядан Батыс Қазақстанға жеміс пен көкөніс жеткізілуіне қызығушылығымыз бар», - деді Қазақстан президенті.
Назарбаевтың айтуынша, өткен жылы қазақстандық компаниялардың Грузияға салған қаржысының жалпы сомасы 300 миллион доллар болған.
«Қазақстандық «Тұран Әлем» банкі Тбилиси орталығындағы қонақ үйді жөндеуді өз мойнына алды. Және олар Қара теңіз жағасындағы бірқатар туристік нысандарды сатып алды, ал «Қазмұнайгаз» компаниясы Тбилиседегі газ тарататын жүйені сатып алды. Енді «Қазмұнайгаз» Батуми портында құнды қағаздарды сатып алып жатыр, егер бұл жүзеге асса, онда компания терминал және мұнай өңдеу зауытын салады», - деді президент Назарбаев.
Жергілікті экономист Арыстан Есентүгеловтің айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлерінің ақшаны шетелге салғаны бір жағынан Қазақстанға да тиімді болмақ:
- Біріншіден, имидж. Біздің нарықтық сенімнің күші бар. Демек, біздің балалар басқа даладан ақша жинап алып келеді. Ол экономиканың заңы. Мысалы Америка ең күшті ел ғой, сол ел 1980 жылы сырттан келетін инвестиция бойынша ең бірінші орын алыпты. Біздің елге де табыс жинап алып келу керек. Олар сырттан алып келіп көбейтеді.
Қазақстан президенті Назарбаевтың айтуынша, есесіне Қазақстан Кеңес одағы кезінен бері тұрғындардың адам басына шаққандағы ең үлкен инвестиция тартыпты.
«Аймаққа келген қаржының 85 пайызы Қазақстанға келді, елге салынған әр доллар ішкі жалпы өнімнің 2 долларға өсуін қамтамасыз етеді», - деді президент Назарбаев.
Грузия президенті Михаил Саакашвили болса, өз елінің барлық салалары қазақстандық инвесторлар үшін ашық деген мәлімдеме жасады.
«Мысалы, энергетика онда қазір су энергетикалық ресурстарда қазақстандық компанияларды күтеміз және темір жол саласында да қазақ компанияларының қатысуы пайдалы болады», - деді ол.
Грузия президенті Михаил Саакашвилидің айтуынша, биыл Грузияда Қазақстан қаржысының қатысуымен кең көлемде қонақ үй кешендері салынып жатыр. Жергілікті кеден органдарының мәліметінше, екі ел арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 45 миллион доллардан асқан. Бұл тауардың көбі автожолмен тасымалданады дейді мамандар. Ал Саакашвилидің бұл сапарында Қазақстан мен Грузия халықаралық автокөлік қатынасы жөніндегі жаңа келісім жасады. Бұған дейін жасалған келісім бойынша автотасымалдау рұқсат негізінде жасалып келген. Енді бұл рәсімдер жеңілдейді дейді құжатқа қол қойған шенеуніктер. Соның арқасында екі ел арасындағы тауар айналымы көлемін ұлғайтуға болады дейді олар.