Accessibility links

Қазақстанның даму институттары ұсынған құны 25 миллиард доллар тұратын 41 жоба іріктелді


Теміртаудағы зауыт. Көрнекі сурет
Теміртаудағы зауыт. Көрнекі сурет

Бұл туралы Астанада мамырдың 15 күні үкімет отырысында экономика министрі Аслан Мусин хабарлады. Оның айтуынша бірнеше зауыт салу үшін бюджетке өзгеріс енгізіліп одан қаржы алынады. Ал, тәуелсіз экономистер бұл жобалардағы халық ақшасының жұмсалу ашықтығына және шикізаттан тыс болатындығына күмән келтіріп отыр.

Қазір Қазақстанның даму институттарының бастауымен осы жылдың қыркүек айында «Биохим» зауыты салынады, екіншіден Теміртауда метталл кремнийін шығаратын зауыт, Ақтауда темір құбыр зауыты, Қызылордада шыны зауыты салынады. Ал, қайсібір экономистердің айтуынша Қазақстанның даму институттары қалай болғандада шикізатпен байланысты салаларды қаржыландырады деген сын айтқан. Экономист Уалихан Қайсаровтың айтуынша, бұл бағыттарға қосымша екі сала қажет:

- Ауыл шаруашылық саласында өніммен не істерін білмей отыр. Ауылда май, сүт қабылдайтын орындар жоқ. Сосын мына жеңіл өнеркәсіп өнімдері Қытай, Ресей, Еуропа, Түркиядан келіп отыр.

Жоба сыншыларының айтуынша зауыт салуға кететін қаржы ұлттық қордан емес бюджеттен алынып отыр. «Қазына» тұрақты даму қорының төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша қаржы бюджеттен алынатыны рас, бірақ бұл қаржы тек өңдеу саласына жұмсалады, деді ол:

Ал, экономика министрі Аслан Мусиннің айтуынша Павлодарда алюминий зауыты салынады. Салынғалы жатқан бұл зауыттың құны шамамен 1 миллиард доллар. Ал, экономист Петр Своиктың айтуынша қазір Павлодардың алюминий зауыты дайын өнім емес алюминий шығаратын шаң, яғни шикізат шығарады. Ол Ресейге жеткен соң онда алюминийге айналады. Экономист Петр Своиктың айтуынша, «онда ақша алыс жерге апарылып заңдастырылады және ол қаржы бәрібір Қазақстанда қалмайды», дейді ол.

Своиктың айтуынша Еуразиялық өндірістік топ қожайыны Машкевич алюминийден дайын өнім жасаймын деп өткен ғасырда уәде берген, бірақ, ол уәде орындалмай келеді, дейді экономист. Петр Своиктың айтуынша кезінде парламентпен сәлде болса қадағаланып отыратын мемлекеттік холдингтер соңғы кезде атауын өзгертіп қадағалаудан босатылған. Сондықтан ондағы ашықтық азайған деген тұжырым жасалды. Ал, «Самрұқ» холдингінің төрағасы Сауат Мыңбаев бұл пікірмен келіспей отыр.

Қазына» тұрақты даму қорының төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша қазір орта есеппен 35 миллион доллар көлеміндегі жобалар қаржыландырылады. «Осыдан бірнеше жыл бұрын біз 5 миллион долларға дейінгі жобаларды әрең табатынбыз», дейді Келімбетов. «Осылайша біз Қазақстан экономикасының құрылымын өзгертеміз», дейді ол. Бірақ құны жарты миллиард және бір миллиард доллардан асатын жобаларға қаржы керек, дейді ол.

Келімбетов айтып отырған Қазақстанның Даму банкісінің жұмысы пайда табуды емес, елдегі өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған, дейді банк басшылығы. Аталмыш қаржы институты ұлттық банк қадағалауынан босатылған. Сыншылар болса орасан көлемдегі қаржы орынды жұмсалу керек деген пікірде. Холдингтер қадағалаудан кеткенсоң ондағы ұлттық компания басшылары өздеріне 10 мыңдаған доллар көлемінде айлық жасап алған деген депутаттардың көзқарастары айтылған. «Самрұқ» холдингінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың айтуынша қазір жағдай өзгерді.
XS
SM
MD
LG