Бірқатар шетел ақпарат құралдары Р.Әлиевтің қазір жүрек әлсіздігі ауруымен Венадағы емханалардың бірінде жатқанын хабарлады. Қазақстанның бас прокуратурасы Р.Әлиев өзінің меншігіндегі банктың бұрынғы басшыларын ұрлап, олардың бизнесін күшпен тартып алу ісіне қатысы бар деген күдікпен қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеу жариялап, сот шешімімен Р.Әлиев пен оның зайыбы Дариға Назарбаеваның меншігіндегі КТК, Караван секілді бірқатар ақпарат құралдарының жұмысы үш ай мерзімге тоқтатылған болатын.
Р.Әлиевтің өзі бұл әрекеттерді биліктің қолдауын алған әлдекімдердің өзінен медиа саласындағы үлестерін тартып алуы үшін әдейі істеліп жатқан жағдай деп түсіндірген еді. Сондай-ақ баспасөз беттерінде Рахат Әлиев, 2012 жылы президенттік сайлауға түсетін ойын өзінің қайын атасы - қазіргі президент Н.Назарбаевқа айтқаннан кейін өзіне қарсы осындай қудалау басталып кеткенін айтқан болатын.
Соңғы екі аптаның көлемінде Р.Әлиевтің төңірегінде болып жатқан тізбекті оқиғалар Қазақстан қоғамында үлкен пікірталас тақырыбына айналып, сан түрлі талқылауға түсіп жатыр.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев «Рахат Әлиев пен қайын атасы екеуі түптің түбінде бір татуласуы мүмкін, қазіргі жағдайға қарап солай сырттай тон пішуге болады» деген пікір айтады.
Ал журналист Сейдақмет Құттықадам бұл мәселе өте күрделі болғандықтан, Р.Әлиевке қатысты дәл қәзір қандай бір салиқалы пікір айту сәл ертерек деп санайды.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшімнің пікірінше, Австрия үкіметі Р.Әлиевті Қазақстанға сұрауы бойынша береді. Бұдан соң бірден қылмыстық іс қозғалған Р.Әлиевтің үстінен сот жүргенімен, оның жұмысы тым ұзаққа созылып, аяғы сиырқұйымшақтанып барып, шығатын сот шешімі соншалықты ауыр болмайды, тіпті бәлкім жеңіл жаза тағайындалар деген өз болжамын айтады.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармақан Тұяқбайдың пікірінше, Р.Әлиевтің Қазақстанға берілуі - Австрия мен Қазақстан арасындағы қылмыскерлерді өзара алмасу туралы келісім-шарттың бар-жоқтығына тікелей байланысты болмақ. Егерде ондай келісім-шарт жоқ болса, онда Р.Әлиевті экстрадициялау жұмысы оңай шаруа болмайды дейді ол.
Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис болса, Қазақстан мен Австрия арасында ондай әлгіндей келісім-шарт жоқ болғандықтан Қазақстанның талабы бойынша Р.Әлиевті Қазақстанға беру ісі - өте ұзаққа созылып, ол тек аса күрделі сот процесінің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін дейді.
Ал Австрияның «Профил» журналына берген сұхбатында Р.Әлиев, Австрия үкіметінен, өзін Қазақстанға бермеуді сұрап, Отанында өз өміріне қауіп төнетінін айтқан болатын.