Қазақстан депутаттары президент Нұсрұлтан Назарбаевтан парламенттің төменгі палатасын таратып, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді сұрады. Депутаттардың айтуынша, бұл шешім елдің саяси жетілдіруін тездетеді. Назарбаевқа жолданған мәлімдемені Мәжілістегі 50-ге жуық заңшығарушы қолдады. Парламент мамыр айында конституциялық өзгерістерді мақұлдаған болатын. Оған сәйкес, параменттің екі палатасындағы орындар санын өзгерту керек делінген еді.