Ауған ресмилерінің айтуынша, ВИЧ және СПИД дертімен күресу мақсатында ұлттық науқан жүргізу үшін елге кемінде 40 миллион доллар керек. Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы 6 айда бұл елде ВИЧ инфекциясы 4 есеге көбейген. Осы жылы ВИЧ дертіне шалдыққан 75 адам тіркелген. Алайда халықаралық ұйымдар Ауғанстанда 2 мыңға жуық адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған дейді. Дүниежүзілік Банк ВИЧ және СПИД-пен күресу үшін Ауғанстанға 10 миллион доллар бөлетінін жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV