НЬЮ-ЙОРК: Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты әлі көп мәселе бар. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс осылай деп есептейді. Жексенбі күні Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде Райс ханым дүниежүзілік қауымдастық осы ядролық бағдарламаның барлық жай-жапсарын білуге тиіс деп мәлімдеді. К.Райстың осы мәлімдемесінің алдында Сирия мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарлама саласында өзара ынтымақтастық болғаны туралы хабар пайда болды. Ресми Пхеньян өзіне халықаралық көмек пен қауіпсіздік кепілдігі берілген соң ғана ядролық бағдарламасынан бас тартуға келіскен болатын.
Сирия мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарлама саласында өзара ынтымақтастық болғаны туралы хабар шықты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?