Accessibility links

Қазақстандық мердігерлер Қашаған жобасына қатысқылары келетіндіктерін мәлімдеді


Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мердігерлер қауымдастығы Қашаған жобасын іске асыру жұмысының қәзіргі жағдайына өз алаңдаушылықтарын білдіріп отыр. Осыған орай бейсенбі күні Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мердігерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қайрат Әлмұқаметов қазақстандық мердігерлерідің Қашаған жобасын игеру жұмысынан шеттетіліп отырғанына өзінің қынжылысын танытты.

Оның айтуынша, Қазақстандық мердігерлер үкімет тарапынан қолдау таба алмай отыр. Сондықтан олар бұл жұмысқа шақырылмай жобадан тыс қалып отыр. Бұл жобаға көбінесе шетелдік компаниялар мен мердігерлердің қатысы отыруы бұл бізді алаңдатады деді ол.

Сондай-ақ Қайрат Әлмұқаметовтың айтуынша, басты мәселе - Қашаған жобасын іске асыруды өз ойнына алған «Аджип» концорциумының ірі шетелдік компаниялар ішінен бас мердігерлерді өзі таңдап алып, соларға жұмысты тапсырып отырғандығы. Ал олар өз кезегінде қазақстандық компаниялардан гөрі шетелдік компанияларға жұмысты тапсырып соларға көбірек сенім артып отырғандығы дейді ол.

Мысалы, Қарабатанда бас мердігер ретінде GATE, NCC және Bateman секілді компаниялар бар, ал олар қосалқы мердігерлік жұмысты көбінесе қазақстандық компанияларға емес шетелдік компанияларға сеніп тапсырады содан барып қазақстандық компаниялар осындай ірі жобадан шеттетіліп қана қоймай үкімет өз қоржынына түсетін нақты салықтан да айырылып отыр, бұған үкіметтің нақтылап көңіл аударатын уақыты жетті дейді ол.

Қазақстанда мұнай саласында жұмыс істейтін «Ариадна» атты мердігерлік компанияның бас директоры Алан Қайтұқовтың айтуынша, ол басқаратын компания 3 мәрте тәжірибелік сынақтан өтсе де бірде бір рет тендерге шақырылмай тыс қалған. «Аджип» сатып алу мен қызмет көрсету бойынша тендерді Лондон қаласында өткізетіндіктен бұған қатысты жеткілікті ақпараты жоқ қазақстандық компаниялар сыртта қалып қояды, ал тендерлер көбінесе қазақстан заңы бойынша емес тендер өткізушілердің талабымен өтілетіндігі қазақстандық компаниялардың жолын кесіп отыр дейді А.Қайтұқов.

Қашаған жобасына кіре алмай жүрген тағы бір қазақстандық кәсіпорын - Оралдағы азот зауытының бас директоры Базарбек Оразбаевтың айтуынша, зауытты іске қосқан кезде олар «Аджиппен» бірлесіп жұмыс істейміз ғой деген үлкен сенімде болыпты. Алайда «Аджип» бізді керексінбеген соң енді өз өнімдерімізді делдалдар арқылы басқа біреулерге сатуға мәжбүр болып отырмыз дейді ол.

Қашаған мұнай көзі 2000 жылдың жазында Каспий теңізінің солтүстігінде ашылған. Бұл соңғы 30 жылда әлемде табылған ең ірі мұнай көздерінің бірі. Қоры – 4,8 млрд тонна дп бағаланады. Жобаны іске асырушы «Аджип КСО» консорциумы бұның құрамына әрқайсысының 18,52 проценттік үлестері бар ENI ,Total, ExxonMobil, Royal Dutch Shell компаниялары мен 9,26 проценттік үлесі бар ConocoPhillips және 8,33 проценттік үлестері бар Inpex және «Қаз МұнайГаз» компаниялары кіреді.
XS
SM
MD
LG