Accessibility links

Кондализа Раис: Иран саясаты Таяу шығыс үшін үлкен мәселе


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Раис Конгресс комитетінде Таяу шығыс мәселесін талқылау барысында Иран туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Комитет мүшелері президент Дж.Буш пен вице-президент Дик Ченейдің егер Техран ядролық мақсатынан бас тартпаса, оның салдары жақсы болмайды деп Иран үкіметіне жасаған ескертулеріне қатысты алаңдаушылық танытты.

Кондолиза Раис сыртқы істер комитетіндегі сөзінде Иран саясаты АҚШ-ың Таяу шығыстағы қауіпсіздік мүдделеріне қатысты мәселелер туындатып отыр деді. Кейбір Батыс елдері Иран ядролық қару-жарақ бағдарламасын дамытып отыр, сондай-ақ Таяу Шығыстағы лаңкестікке қолдау көрсетеді, өз адамдарын қуғын-сүргінге ұшыратуда де біледі. Міне Иранның осындай саясатын Раис аралас қауіп деп атады.

Иранның аймақтағы араласуы - Хамас тобына көрсетілген қолдау, палестиндік көтерілісшілер тобы қалыпты Фатах қозғалысына Иерусалимнің маңайындағы оккупацияланған жерлерді ғана қалдырып, өзі Газа аймағына жеке бақылау орнатты. Биыл күзде президент Буш Вашингтонның сыртындағы жағалаудағы Аннаполис қаласында Таяу шығысқа қатысты бейбіт конференциясын өткізетін болады дейді Раис.

Раис сондай-ақ Иранның Ирақты қару-жарақпен қамтамасыз етуі, шиит милициясының сунниттер мен американ әскерлеріне қарсы күресуіне көмек береді, Буш осындай жайттардың алдын алу үшін жұмыс істеуде дейді:

- Президент Ирақтың жазықсыз тұрғындары мен АҚШ солдаттарына зардап келтіретін жайттарға қатысқан ирандық агенттер мен ойыншыларды қудалайтындығымызды көрсетуге бейіл болды, - дейді Мемлекеттік хатшы.

Раис егер Иран ядролық қаруға ие бола қалса, бұл аймақтағы АҚШ-ың дәстүрлі одақтастары болып табылатын басқа елдерге де Иран тарабынан қауіп бар дейді. Оның айтуына қарағанда, Буш әкімшілігі аймақта Иран агрессиясын болдырмау үшін көмектесуде екен. Комитет мүшелерінің бірқатары Иранмен арадағы мәселелерді шешудің ең бір жақсы жолы бетпе-бет тікелей келіссөздер өткізу, сөйтіп АҚШ 30 жылға жуық уақыттан бері Иранмен тікелей келіссөз жүргізілмей келген кезеңге нүкте қоюы керек деген ойларын ортаға салды. Раис болса тікелей келіссөздерге қарсы болып келген АҚШ емес, Иран деп жауап берді.

Раис Вашингтонның талқылау үшін алға тартатын бір ғана мәселесі бар, ол - Иранның уран байытуды тоқтатуы деп атады. Дәл осы мәселені мойындамау арқылы келіссөздерге бармай отырған АҚШ емес, Иран дейді мемлекеттік хатшы. Комитеттегілердің бірі жақында Дик Ченейдің егер Иран өзінің қазіргі бағытын жалғастыра беретін болса, ол жақсылыққа апармайды деген, ескертуін еске ала отырып, вице-президент әскери қимылдар турасында айтпағанымен де, Иранға қарсы қандай да бір күрделі қауіп төніп тұр деп түсінуге бола ма деп сұрады.

Раис, Ченей де президент Буш сияқты, Иран мәселесін бейбіт дипломатиялық жолмен шешу жолында жұмыс істеп жатқандығын айтқан дей келе, оның сөзі Иранға қарсы қандай да бір әрекет БҰҰ-ның қосымша санкциялары арқылы шешіледі дегенге саяды деп айтты.

- Ең маңыздысы, ирандықтар білуі тиіс: халықаралық қауымдастық қатал болу арқылы кейінірек Иранның ядролық қаруына байланысты қандай да бір қолайсыз шешімнің алдын алуға тырысуда. Және біз салдарлар туралы айтқанда, біз нақты жасай алатын экономикалық жолдарды меңзегенбіз, - деді Раис.

Комитеттегі бұл тыңдауларға соғысқа наразылық білдірушілер де келген болатын, мемлекеттік хатшы бөлмеге кірген кезде, қолы қан тәріздес қып-қызыл түске боялған жас әйел оған қарсы шығып, жолын кес-кестеген. Комитет төрағасы калифорниялық демократ Том Лэнтос наразылық танытушыларды сыртқа шығарып жіберіп, соғысқа қарсы ұрандармен жиналып тұрғандарды таратуға бұйрық берген.
XS
SM
MD
LG