Accessibility links

Соңғы аптадағы кейбір ғылыми жаңалықтар


Табиғи қорларын экспортқа шығаратын кейбір елдер өз экономикасының болашағына алаңдаулы. Жаңа нанотехнология табиғи емес шикізаттардан да арзан және мықты болатын материалдар жасауға жол ашты.

Алдымен нанотехнология дегеніміз не? Бұл сауалға Шеффилд ағылшын университетінің физика профессоры Ричард Джонс былай деп жауап береді:

- Көптеген түрлі технологиялар бар, бірақ олардың барлығы да жалпы алғанда заттың құрамындағы атом мен молекулалық ауқымдағы миллимикрондық құрылым ауқымын бақылау болып табылады.

Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі. Нанотехнология туралы жаза келіп, профессор Джонс нанотехнология онсыз да өзгермелі тұтыну нарығына одан әрі тұрақсыздық енгізеді деп атап көрсетеді, өйткені ол арқылы алынатын кез-келген тұтыну заты әлдеқайда арзан болмақшы. Әрине, бұны іс жүзіне асыру үшін алда атқарылар жұмыс болса ұшан-теңіз. Нанотехнология жаңа металл жасап қана қоймай, түрлі басқа да жасанды материалдар да шығарады.

Дегенмен де нанотехнологиялық жасанды тұтыну заттарының көбеюі табиғи дүниелердің орнын толықтай алмастырады деген сөз емес дейді профессор Джонс.

Әлемдегі кедей елдерді дәрігерлердің барлығы қайда кетті деген сауал мазалайды. Амстердам университетінің ұстазы, жақында денсаулық туралы американдық журналда мамандардың бір елден екінші елге не себепті кететіні, демек ақыл-ойдың ағысы бір елден екінші елге тоқтамайтындығы жайында жазылған мақала авторы Онибухи Арах былай деп атап көрсетеді:

- Бұл тұрғыдағы жағдай біз ойлағаннан да нашар. Демек, кедей дәрігерлер Батыс Африкадан Солтүстік Америкаға жай ғана кетіп жатқан жоқ, олар сонымен қатар оңтүстік Африкада жақсы тұрып жатқан дәрігерлердің қатарын толықтыра түсуге барады.

Мәселен, Филиппиндегі кейбір дәрігерлер қайтадан медбикелік оқу-жаттығудан өтіп, Америкаға барып медбикелік жұмыс істейді екен, оның себебі АҚШ-ғы медбикенің жалақысы Филиппиндегі жоғары дәрежелі дәрігердікінен әлдеқайда көп екен. Оның үстіне АҚШ-қа жоғары білімді дәрігер ретінде емес, медбике ретінде эммиграциямен бару жеңілірек болады.

Британия мен АҚШ-тың, Австралия мен Канаданың дәрігерлерінің үштен бірі шетелдік мамандар, демек әрбір үшінші доктор сырттан келген. Бұған себеп болатын тағы бір жағдай Америка сияқты елдер жергілікті медициналық оқу орындарына қабылданатын студенттер санын көбейтуге қарсы, сол себепті оларда шетелдік дәрігерлердің қызметін пайдаланудан басқа таңдау жоқ.

Сонымен дәрігерлердің экспорты көбейіп кеткен елдер бұл мәселені қалай шешуіне болады? Көптеген елдерде үкіметтік ауруханалар мен емханаларда жергілікті дәрігерлер үшін көбірек орын бөлінеді. Ал Халықаралық көші-қон ұйымы жаттығу мүмкіндіктерін жетілдіре түсуді ұсынады.

Қазіргі медицина ана құрсағындағы сәбидің жынысын ғана ғана емес, оның денсаулығының қандай болатынын да анықтап бере алады. Ал ата-анасы егер болашақ сәбидің денсаулығыңды бір кінәрат бар деген ақпарат алса, онда олар қандай шешім қабылдау керек? Ондай баланы өмірге әкелу керек пе, жоқ па, бұл сұраққа түрлі дін өкілдері түрліше жауап береді.

Мәселен британиялық "Табиғи генетика" деген журналдың жазуынша, Ватикан гендік белгілері бойынша әлі тумаған бала ауру-сырқаулы болса, оны алдырып тастауға қарсы, ал ислам діні өкілдерінің де бұл тұрғыдағы көзқарастары екіге жарылған екен.
XS
SM
MD
LG